Оңтүстік Қазақстан Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі

ShymkentBuild 2018: көрменің бірінші күнінің нәтижелері

Бүгін, 13 наурыз күні Шымкентте ShymkentBuild 2018 Оңтүстік Қазақстан облысындағы ең ірі құрылыс көрмесінің ресми ашылуы өтті. Көрме өз жұмысын Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы, Шымкент қаласының әкімі Сауранбаев Нұрлан Ермекұлы, ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Әбубәкіров Асқар Бегдаулетұлы және Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының бастығы Құрмансеит Батырханның қатысуымен өткізілген арнайы VIP-турдан бастады.

Ашылу салтанатында Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының бастығы Құрмансеит Батырхан, Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Бегдаулетұлы, «Iteca» ЖШС ОҚО аймақтық көрмелерінің жетекшісі Абдушарипова Гульзана сөз сөйледі.

Оңтүстік Қазақстан облысы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Бегдаулетов өзінің құттықтау сөзінде былай деді:

«Бізге осы бағыттағы жаңа білім қажет. Төртінші рет өткізіліп отырған құрылыс көрмесі іскерлік көрме болып табылады. Мұнда әр түрлі елдерден: біздің көрші елдерден және шетелдерден келген бизнес компаниялар қатысады. Біз 60-тан астам компания көрдік, олардың ішінде шымкенттік компаниялар бар. Алаңда ортақ пікірлер талқыланып, бірлескен жобалар құрылады, өйткені әлі күнге дейін біздің үлкен аймақта бөлімшелері жоқ компаниялар бар. Оңтүстік Қазақстан облысы Жамбыл, Қызылорда облыстарымен шекаралас және жақын арада біз үшін Ташкент нарыққа ашылады. Оңтүстік Қазақстан облысы үшін құрылыс саласындағы перспектива өте үлкен».

ShymkentBuild 2018 көрмесінің тек бірінші күні ғана өткеніне қарамастан, іс-шараға қатысушылар мен қонақтар бүгінгі жұмыстың нәтижелері туралы айтып берді.

«МЕСА LTD» ЖШС жоба бөлімінің бастығы Игорь Кравцов:

«Бүгін, көрменің бірінші ашылу күні Iteca қамтамасыз еткен клиенттер ағыны қатты қуандырады. Ертеңгі күні одан аз болмайтынына сенімдімін. Қазірдің өзінде әлеуетті клиенттерімізден көптеген байланыстар алдық. Қысқасы, ұйымдастырушылар өз жұмысын қалай жүргізу керектігін біледі. Біз алғысымызды білдіреміз».

Көрмеге Қазақстаннан, Өзбекстаннан және Ресейден келген өндірушілер мен жеткізушілер қатысып, келушілерге ағымдағы нарықтық ұсыныстарды, құрылыс, жөндеу және өңдеуге арналған қазіргі заманғы материалдар мен жабдықтарды көрсетті. ADK Index, Borusan Makina Kazakhstan, Dala-Construction, JUNG, Master Building Products, STALFORM, Steel Центр, VEM / «Медведь» концерні, Алмалық тау-кен металлургиялық комбинаты, Держава Люкс, Кнауф Гипс Қапшағай, Bakarassov концерні, Полимер металл-Т, Риказ, Спира-Берга, Тараз Автолюкс, Шымкент Цемент және басқалар қатысты.

Оқиғаның ұйымдастырушысы Iteca қазақстандық көрме компаниясы болып табылады. Іс-шараға жыл сайын ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы, КазЦентр ЖКХ, ҚР және ОА құрылысшылар одағы, РФ Қазақстандағы сауда өкілдігі.

Көрме өз жұмысын 15 наурызға дейін жалғастырады. Мұнда қатысушылар өз өнімдерін бизнес келушілерге көрсетеді, жаңа әлеуетті клиенттер мен жеткізушілерді табуға, сондай-ақ сату арналарын кеңейтуге мүмкіндік алады.

Біз Сіздерді Шымкент қ., Нұрсат ықшамауд., Астана даңғылы 12, «Көрме орталығы» КММ мекен-жайы бойынша күтеміз.

  • -де жасалған