Оңтүстік Қазақстан Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі

ShymkentBuild 2018 қорытындысы: экспозицияның өсуі және тиімді серіктестік

“Көрме” көрме орталығы (Шымкент қаласы) 13-15 наурыз аралығында дәстүрлі түрде үш күн бойы жұмыс істеген Оңтүстік Қазақстан құрылыс индустриясының басты оқиғаларының бірі - жыл сайынғы “ShymkentBuild 2018” көрмесінде 4-ші рет саланың мамандары мен бизнес серіктестерді жинады.

Іс-шараға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы, Шымкент қаласының әкімі Сауранбаев Нұрлан Ермекұлы, ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Абубакиров Асқар Бегдаулетұлы және Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасының бастығы Құрмансеит Батырхан секілді жоғары шенді қонақтар қатысты.

Көрменің қатысушылары Өзбекстанның, Ресейдің өндірушілері мен жеткізушілері, сондай-ақ Қазақстандағы шағын және орта құрылыс бизнесінің өкілдері болды. Олар көрменің келушілеріне келесі тауарлардың түрлерін ұсынды:

  • Құрылыс материалдары мен жабдықтардың барлық түрлері;
  • Лак және бояу өнімдері;
  • Құбыр арматурасы;
  • Жылыту жүйелері, сумен жабдықтау, канализация және тағы басқалар.

Бұдан басқа, ShymkentBuild 2018 көрмесіне Иран, Қырғыз Республикасы, Ресей, Түркия және Швециядан мамандар қатысты.

Өз кезегінде, ұйымдастырушылар келушілер санының 2017 жылғы экспозициямен салыстырғанда 14% -ға артуын атап өтті, іс-шараның бірінші күні келушілердің белсенділігі байқалды.

“Біз қатысушылар тарапынан да, іс-шараға келген қонақтардан да жоғары белсенділікті байқап отырмыз. Нақ осы құрылыс көрмесін өткізудің өзектілігі Оңтүстік Қазақстан облысының ірі отандық және халықаралық компанияларының қызығушылығына байланысты болып отыр”- деп көрменің ұйымдастырушылары түсініктеме берді.

“ShymkentBuild 2018” көрмесінің 73% келушілері көрмеге келудің басты мақсаты - бизнеске арналған өнімдерді немесе қызметтерді табу және жалпы салалық ақпараттарды алу деп түсіндірді. Экспоненттер сонымен қатар шақырылған аудиторияның жоғары өтімділігін және қызығушылығын атап өтеді.

«Көрме бізге қатты ұнады. Дұрыс сұрақ қойып жатқан қатысушылар өте көп болды. Біз көрмеге көрсетуге әкелген біздің принтерлеріміздің бірін ойдағыдай саттық, келісім сомасы 27 мың доллар болды», - деп Victory Latex- тің өкілі (Hewlett Packard-тің Қазақстан мен Қырғызстандағы ірі форматты принтерлер мен шығын материалдарының ресми сатушысы ) қатысуды қорытындылады.

“ShymkentBuild 2018” - қатысушылардың келушілермен бірге серіктестік қарым қатынас құратын диалготық алаңы ғана емес, сондай-ақ осы саладағы жаңа білім, тәжірибе алып, саланың трендтерімен алмасу болып табылады.

Іс-шара шеңберінде Оңтүстік Қазақстан облысының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бастамашы болған “Құрылыс индустриясында жаңа технологияларды енгізу” атты арнайы конференция ұйымдастырылып, онда құрылыс комитетінің төрағасы, құрылыс материалдары өндірісі, өндірістік компаниялардың өкілдері, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығы баяндамашы болды.

“ShymkentBuild 2018” көрмесін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі, Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы, КазЦентр тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия құрылысшылар одағы, Қазақстандағы Ресей Федерациясының сауда өкілдігі қолдауымен “Iteca” қазақстандық көрме компаниясы ұйымдастырды.

ShymkentBuild 2018 көрмесінің фото-релизі мен алғашқы күнінің қорытындылары мына сілтеме бойынша жарияланған: https://shymkentbuild.kz/ru/press-tsentr/press-relizy/318-13-03-2018shymbuil-pr

ShymkentBuild бесінші мерейтойлық көрмесі 2019 жылы өтеді.

  • -де жасалған