Оңтүстік Қазақстан Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі

Алматыдағы «Спира-Берга» полиэтилен құбырлар зауыты ShymkentBuild 2018 көрмесіне қатысады

Алматыдағы «Спира-Берга» полиэтилен құбырлар зауыты қазіргі заманғы жоғары сапалы полиэтилен құбырлар өндірісін ретке келтірген Қазақстан Республикасындағы алғашқы кәсіпорындардың бірі болып табылады.

Бүгінгі таңда зауыт газбен қамтамасыз ету, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, электрлік және талшықты-оптикалық кабельдерді қорғау, дренажды және суару жүйелеріне арналған полиэтилен құбырларын шығарады.

Зауыт 2002 жылдың ақпан айында құрылды. Құбырлар бес толығымен жасақталған заманауи технологиялық желілерде шығарылады. Өндірістік желілердің жалпы қуаттылығы айына 1100 тоннадан астам полиэтиленді құрайды.
Еуропалық өндірушілермен тығыз байланыстарды ескере отырып, кәсіпорында үнемі ең заманауи жабдықтар мен пластмассаны өңдеуге арналған жаңа технологиялар енгізіледі.
Зауыт мамандары ең ірі еуропалық зауыттарда жыл сайын біліктілігін арттырып, тәжірибе алмасады.

Zaschitnaya polietilenovaya truba dlya VOLS 1 500x334

Өзінің толығымен жабдықталған зертханасы құбырларды өндіру үдерісін бақылап, ақаулы өнімді шығару мүмкіндігін толығымен жояды.
Газ өткізетін, су өткізетін құбырлар, кәріз құбырлары ҚР СТ ИСО 4437-2004, ҚР СТ ИСО 4427-2004, ҚР СТ ИСО 8772-2004 стандарттарына сәйкес шығарылады.
Барлық өнімдер сертификатталған.
Барлық құбыр өнімдеріне CT-KZ сертификаты беріледі.
Өнімдер ISO 9001 және ISO 14001 халықаралық талаптарына сәйкес шығарылады.
«Қазақстан Су Арнасы» Қазақсстан Республикасы сумен жабдықтау және су тарту жөніндегі кәсіпорындар қауымдастығының отандық тауар өндірушілерін кешенді тексеру қорытындысы бойынша «Спира-Берга» зауыты аттестациядан өтіп, мемлекет қаржыландыратын жобаларға құбыр өндірушісі ретінде ұсынылған.
2011 жылдың қаңтар айынан бастап «Спира-Берга» зауытының өнімдері BERGA plast сауда белгісімен шығарылады.

Vodoprovodnaya truba 500x375

Полиэтилен құбырларының артықшылықтары:
Полиэтилен құбырларының басқа құбыр түрлеріне қарағанда бірқатар маңызды артықшылықтары бар:
• салыстырмалы түрде құны төмен;
• ұзақ қызмет мерзімі - 50 жылдан астам;
• құбырлардың агрессивтік ортаның әсеріне төзімділігі, жемірілмейді;
• салыстырмалы түрде салмағы төмен (тиеу-түсіру жұмыстары кезінде қолайлы);
• орнатудың қарапайымдылығы, түйістіріп және электрофузиялық дәнекерлеуді қолданумен полиэтилен құбырларынан жасалған су өткізу және кәріз желілері сенімді;
• полиэтилен құбыры икемділігіне байланысты қатқан кезде ажырауға төзімді;
Осындай айқын артықшылықтарының арқасында инженерлік коммуникацияларды салу кезінде полиэтилен құбырлары кең қолданысқа ие болды.
Спира-Берга өнімдері туралы толық ақпаратты 13 – 15 наурыз аралығында Нұрсат ықшамауданы, Астана даңғылы, 12 мекен-жайы бойынша орналасқан Көрме орталығында өтетін ShymkentBuild 2018 көрмесінде ала аласыз.

  • -де жасалған