Оңтүстік Қазақстан Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі

Қатысушылардың пікірлері ShymkentBuild 2019


Рустам Халилов, экспорт бойынша менеджер, «Алмалық ГМК» АҚ (Өзбекстан)

Біздің компаниямыз ShymkentBuild көрмесіне 2014 жылдан бастап қатысып келеді. Ол бізге жақсы клиенттерді әкеледі. Біз көрмеге қатысқан уақыттан бастап компания төрт/бес миллион АҚШ долларына келісімшарттар жасады. Бүгін біз қазақстандық компаниялармен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуді жоспарлап отырмыз. ShymkentBuild сол сияқты орналасқан жері бойынша да бізді тартатынын атап өтемін. Шымкент Ташкентке жақын орналасқан және бізге бұл жерге келу ыңғайлы.


Юлия Иванова, «ПолимерМеталл-Т» ЖШС (Қазақстан) маркетинг бөлімінің аға менеджері

Біздің компания Iteca компаниясы өткізетін Build құрылыстық көрмелеріне бірнеше рет қатысты. Атап айтқанда Шымкентке біз бесінші рет келіп отырмыз. Көрмеде біз өз клиенттеріміздің шеңберін және өз өнімдерімізді сату географиясын кеңейткіміз келеді. Бүгін біз өзіміздің тұрақты клиенттерімізді көрдік, олармен сөйлесіп жағымды пікірлер алдық.


Дмитрий Гладышев, Kingspan Kazakhstan компаниясының басқарушы директорының орынбасары

Біз ShymkentBuild көрмесіне келдік. Себебі Қазақстанның оңтүстік өңірі құрылыстық көзқарастан жақын арада перспективті болады. Және де Kingspana компаниясы әдемі, ұзақ мерзімді ғимараттарды қалай құруға болатын жинақтаған тәжірибесін көрсетіп, бөліскеміз келеді. Біз жобалаушылар, құрылысшылар мен тапсырыс берушілер тарапынан біздің компанияға деген қызығушылықты көріп отырмыз.


Каирхан Раимбаев, Алматы Berga plast полиэтиленді құбырлар зауытының коммерциясы бойынша бас директорының орынбасары

Біздің Berga plast компания инженерлік желілерге арналған пластик құбырларды шығаруға мамандандырылған. ShymkentBuild көрмесіне біз бірінші жыл қатысып отырмыз. Бүгінгі біздің негізгі мақсатымыз – өз өнімімізді Түркістан облысында және Шымкент қаласында сатуды кеңейту. Аталған іс-шараның арқасында бізде компанияның өндірістік күшін арттыратын жаңа клиенттер мен келісімшарттар пайда болатынына біз сенеміз.


Дмитрий Зубков, «Бессер-Ц.А.» ААҚ сату және маркетинг бөлімінің бастығы

Біз жаңа серіктестерімізді табу үшін ShymkentBuild көрмесіне қатысамыз. Біздің компания үшін өңір қызықты, себебі оның қалай дамып, құрылып келе жатқанын біз көріп отырмыз. Бессер-Ц.А. компаниясы құрылыс материалдарын шығарады және көрмеде біз жаяужол плиткасын көрсетеміз.

Қазіргі уақытта ShymkentBuild көрмесі өзін өте жақсы көрсетті. Көрменің бірінші күнінде біз көптеген мамандармен кездесіп, сөйлесіп те үлгердік. Серіктесіміз осы өңірден табылатынына сенеміз.


ITECA ITE ITE Eurasia
© 2019 ShymkentBuild. Все права защищены.