Келушілерді өзіңіздің стендіңізге тарту бойынша кеңестер
Құрметті ShymkentBuild көрмесінің қатысушылары
Біз Сіздерге көрмеге дайындықтағы белсенділігіңіз үшін алғысымызды білдіреміз және көрмедегі өзіңіздің стендіңізге келушілердің көбірек назарын тартудың бірнеше қарапайым жолдарын Сіздің есіңізге саламыз:
- Дәл Сіздің компанияңыздың стендіне шақыратын баннерді Сіздің сайтыңыздың басты бетіне орналастырыңыз (тегін билет алу сілтемесімен бірге). Ол үшін Сізге қажет өлшемдегі логотипке сұраныс жіберу керек.
- Дәл Сіздің стендіңізге шақыруды көрме алдында бастырып шығаратын жарнамалық материалдарға енгізуді ұмытпаңыз.
- Көрменің баннерін немесе логотипін (тегін билет алу сілтемесімен бірге) өзіңіздің компанияңыздың қызметкерлерінің автоқолтаңбасына енгізіңіз.
- Кәсіби аудиторияны дәл Сізге шақыратын жеке сілтемесі бар баннерді ішіне қосып, өзіңіздің әрекет ететін және әлеуетті дерекқорыңыз бойынша бірнеше таратулар жіберіңіз.
- Біз Сіз туралы ақпаратты сайтқа және біздің электрондық таратуларымызға енгізу үшін көрмеде таныстыратын Сіздің компанияңыздың артықшылықтары мен өнімдері туралы бізге хабарлаңыз және жаңа өнімдер мен «сатылым хиттары» туралы ақпаратты жіберіңіз.
- Өзіңіздің жөнелтіміңізбен бірге көрмеге шақыру билеттерін салып жіберіңіз.
Көрменің логотиптерін, баспа және электрондық түрдегі қосымша шақыру билеттерін, тіркелу үшін сілтемелерді, баспасөз хабарламаларын жобаның координаторы Алия Нұрбекова (Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., тел: + 7 727 258 34 34 вн. 215) ала аласыз.