Оңтүстік Қазақстан Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі

Ресми сәлемдесу 2018

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Оңтүстік Қазақстан облысының Әкімдігі атынан “ShymkentBuild 2018” - 4-ші Оңтүстік Қазақстанның құрылыс және интерьер көрмесінің қатысушыларын және көрушілерін құттықтаймын.

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан мен Орталық Азияның түйіскен жерінде, Европа мен Оңтүстік-Шығыс Азияның, Таяу және Қиыр Шығыс елдерінің көліктік магистралінің қиылысында тұр, яғни тиімді географиялық аймақта орналасқан және өнеркәсіптік өндірістің облыстық көлемінде айрықша бөлігіне ие ірі өнеркәсіптік-индустриялық орталық болып табылады.

Қазіргі уақытта аймақтың құрылыс индустриясы ілгері дамып өсуде, қаланың аумағы кеңеюде, Оңтүстік Қазақстан облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы жүзеге асуда. Жақындағы бесжылдықта аймақта 4,8 млн. ш.м. тұрғын үй соғу жобалануда, Оңтүстік Қазақстан облысында жыл сайын 2021 жылға дейін 1 млн. ш.м. тұрғын үйді “Нұрлы Жер” мемлекеттік бағдарламасы бойынша пайдалануға беру жоспарлануда. Аймақта “Оңтүстік” атты әлеуметтік экономикалық аймақ сәтті жұмыс істеуде. Сонымен қатар, бүгінгі күнде Шымкент қаласын Қазақстанның үшінші мегаполисі ретінде да- мыту жайындағы және Шымкент қаласының 2020 жылға дейін даму Концеп- циясы Елбасының тапсырмасы бойынша “Shymkent City” жобасы аясында орындалуда.

ShymkentBuild көрмесін өткізу құрылыс индустриясының дамуына маңызды үлес қосады: Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс саласындағы жұмыстардың жағдайы туралы барынша толық және объективті ақпаратты алуға себептес болып өзекті сұрақтар бойынша пікір алысады, ТМД елдері арасында және Қазақстанның әр-түрлі аймақтардағы кәсіпорындар арасында іскерлік қатынасты орнатады. Осыған байланысты, мамандандырылған ShymkentBuild 2018 көрмесі жоғары сапалы құрылыс қызметтерін жылжытуға, озық технологияларды енгізуге, құрылыс инфрақұрылымына инвестиция тартуға мүмкіндік туғызатынына толықтай сенемін. Көрменің қатысушыларына, қонақтарына және ұйымдастырушыларына жемісті жұмыс және тұрақты әріптестік пен алдыға қойған мақсаттарына сәтті қол жеткізуді тілеймін!

Б. ЖАМАЛОВ
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары


Құрметті көрмеге қатысушылар мен қонақтар!

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің атынан «ShymkentBuild 2018» 4-ші Оңтүстік Қазақстан құрылыс және интерьер көрмесінің қатысушылары мен қонақтарына қош келдіңіздер деймін.

Қазақстанның құрылыс саласы бүкіл ел экономикасында айтарлықтай маңызды рөл атқарады. Құрылыс кешенін дамыту және жаңғырту Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың маңызды шарты болып табылады.

Шымкентте құрылыс көрмелерін жыл сайын өткізу Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан өндірушілер мен жеткізушілер санының өсіп келе жатқандығына байланысты өзекті болып қала береді. Өткізілу орны аймақтың инфрақұрылымын жыл сайын дамытуға байланысты таңдалды: облыста «Нұрлы Жол» бағдарламасының аясында ауқымды жобалар іске қосылды, салынып жатқан нысандардың саны 124% артты. Тұрақты өсу көрсеткіштері тұрғын үй құрылысы бағдарламасының тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тазарту қондырғыларын, мемлекеттік мекемелер, автомобиль жол айрықтарын және Shymkent City іскерлік орталығын салу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ географиялық тұрғыдан қазақстандық және шетелдік келушілерді тартуға көмектесетін перспективалық орналасуы да маңызды.

ShymkentBuild 2018 көрмесі өзекті мәселелерді шешуге септігін тигізіп, саланың барлық өкілдерінің арасында сындарлы диалог құруға мүмкіндік беретініне сенімдімін.

Мен қонақтар мен қатысушыларға жемісті ынтымақтастық, тиімді байланыстар орнату, алға қойылған мақсаттарды шешуге қолайлы жағдайлар тілеймін!

М. Жайымбетов

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы


Құрметті көрменің қатысушылары мен қонақтары!

Елдің кәсіпкерлік орталығы Оңтүстік Қазақстан облысы деп дәлелді түрде атауға болады. Мұнда кәсіпкерлердің ең көп саны, сондай-ақ, әрине, еңбекқор және талапты адамдар іске асырып жатқан шағын және орта бизнестің озық жобалары.

Біз, Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы ретінде, “ShymkentBuild 2018” Оңтүстік Қазақстандық құрылыс және интерьер көрмесіне қатысушылар мен келушілерді қуана қарсы аламыз. Құрылыс секторын қоса алғанда, біздің өңіріміздің алдында ауқымды мақсаттар тұр. Бұл үшін адам капиталы, ресурстар, тәжірибе, өршіл мақсаттар мен перспективалы ой бар. Құрылыс секторы – аймақтың экономикасын дамытудың негізгі бағыттарының бірі.

Жыл сайын еліміздің кәсіпкерлік орталығының алаңында жетекші компаниялар өз өнімдерін, қазіргі заманғы технологияларды ұсынады, бірлескен жобалар талқыланады, тәжірибелі мамандар тәжірибелерімен бөліседі.

Көрме бірнеше жылдар бойы маңызды оқиға мәртебесін растады. Оны асыра сілтемей саланың жай-күйінің индикаторы деп атауға болады, өйткені жыл сайын біз осында өзіміздің кәсіби жетістіктеріміз бен инновацияларымызды көрсетіп, орнатылған іскерлік байланыстарды нығайтып, жаңаларын орнатамыз. Қазір құрылысшыларға аса күрделі мәселелерді шешуге тура келсе, салалық көрмені шығармашылық энергия генераторы деп атауға болады. Құрылыс кешенінің барлық құрамдастарының ең перспективалы бағыттары 2018 жылғы ShymkentBuild көрмесінде анықталсын.

Қазақстанның көптеген өңірлері үшін бұл көрмеге қатысу өз әлеуетін ашуға, бәсекелестік артықшылықтарды нығайтуға, ұзақ мерзімді және сенімді серіктес қатынастардың негізін қалауға нақты мүмкіндік береді деп үміттенемін. Форумда көптеген құрылыс және девелоперлік компаниялар біздің қалаларымыз бен ауылдарымызды заманауи және тұруға қолайлы етуге бағытталған іске асырылған жобалар мен инновациялық практикалық шешімдерді көрсетеді.

Оңтүстік Қазақстан кәсіпкерлер палатасында Оңтүстік Қазақстандағы барлық құрылыс нарығын біріктіретін құрылыс комитеті жұмыс істейді. Дәл осы ShymkentBuild көрмесінде біздің компанияларымыздың көпшілігінің келісімшарт жасасуына біз де қызығушылық білдіреміз.

ОҚО Кәсіпкерлер палатасының ұжымы көрменің ұйымдастырушыларына, қатысушылары мен қонақтарының нәтижелі, қызықты және шығармашылық жұмыс, белгіленген жоспарларды ойдағыдай іске асыруды, серіктес қатынастарды нығайтуды тілейді!!!
Тек алға...

А. АБУБАКИРОВ,
ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры


Құрметті ханымдар мен мырзалар!

“Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы” АҚ атынан 4-ші Оңтүстік Қазақстан құрылыс және интерьер көрмесі “ShymkentBuild 2018” қатысушылары мен қонақтарына қош келдіңіздер деймін.

Құрылыс индустриясы Қазақстан экономикасындағы жетекші рөлдердің бірін атқарады. Құрылыс кешенінің дамуы елдің экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаев Қазақстан халқына 2018 жылдың 10 қаңтарындағы жолдауында құрылыс пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық секторына заманауи технологияларды енгізуді атап өтті.

Іске асырылап жатқан мемлекеттік бағдарламалардың арқасында Қазақстанда пайдалануға берілетін тұрғын үйдің көлемі жылына 10 млн. шаршы метрден асты.

Жетекші отандық және шетелдік компаниялар, кәсіпорындар және ұйымдардың қатысуымен көрмені өткізу еліміздің экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылатын құрылыс секторын одан әрі дамытуға ықпал ететін жақсы дәстүрге айналуда.

Көрме құрылыс секторында озық технологияларды жетілдіру мен пайдалануда отандық және шетелдік кәсіпорындардың жетістіктерін көрсетуге ғана емес, сондай-ақ құрылыс секторын одан әрі дамытуға жаңа көзқарас қалыптастыру үшін мемлекеттік органдар, қаржы институттары, үкіметтік емес ұйымдардың, ғылым мен бизнестің өкілдерін біріктіруге арналған.

Көрменің тиімді диалогтық алаң болатынына және құрылыс индустриясының дамуына жаңа серпін беретініне сенімдімін.

Көрменің қатысушылары мен қонақтарына жемісті жұмыс, ұзақ мерзімді іскерлік байланыстар орнатуда табыстар тілеймін.

Н. Джиенбаев

Басқарма төрағасы
“Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы” АҚ


Құрметті көрмеге қатысушылар мен қонақтар!

Қазақстан Республикасы және Орталық Азия Құрылысшылар одағының атынан «ShymkentBuild 2018» 4-ші Оңтүстік Қазақстандық құрылыс және интерьер көрмесінің қатысушылары мен қонақтарына қош келдіңіздер деймін.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы әзірленді. Сонымен қатар, 2016-2020 жылдары облыста 1671,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Тұрғын үй құрылысы көлемінің жыл сайынғы өсуі 1,5-2% деңгейінде болады деп күтілуде. 2020 жылға қарай қала тұрғындарын - 100%, ауылдық жерлерді - 80,2% орталықтандырылған сумен жабдықтау қамтамасыз етіледі.

Құрылыс саласы Оңтүстік Қазақстан облысы экономикасының құрылымында басты орындардың біріне ие және оның дамуына айтарлықтай әсер етеді. Аймақтың инвестициялық тартымдылығын арттыру және экономикалық өсуді сақтаудың маңызды шарты құрылыс кешенін жаңғырту, инновациялық әзірлемелер, технологиялар және материалдар енгізу болып табылады. Сонымен қатар, аймақтың географиялық орналасуы Орталық Азия елдерімен интеграциялық үдерістердің қолайлы дамуына ықпал етеді.

ShymkentBuild көрмесін өткізу қазіргі экономикалық жағдайға байланысты қарапайым емес жағдайларда құрылыс кешенінің болашақ дамуы үшін кәсіби және бизнес қоғамдастықтардың күшін біріктіруге қосымша серпін беріп, ақыр аяғында, Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасын және біздің тұрғындардың әл-ауқатын нығайтуға қызмет етеді деп сенемін.

ShymkentBuild көрмесінің алаңында кәсіби қоғамдастықтың міндеттері мен мәселелерін талқылау құрылыс саласын дамыту үшін қажетті шарт және нәтижесінде, қалалық ортаның және Оңтүстік Қазақстан облысы азаматтарының өмірінің сапасын жақсарту үшін серпін беретін күш болып табылады. Көрмені өткізу құрылыс саласындағы прогрессивті жобаларды жүзеге асыруға үлес қосатынына сенімдімін.

Көрмеге қатысушылар мен қонақтарға Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс кешенін дамыту игілігі үшін шын жүректен табысты және жемісті жұмыс тілеймін!

Жалғас АЛМАН
«Қазақстан Республикасы және Орталық Азия Құрылысшылар одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің Президенті


Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Сауда өкілдігі атынан «ShymkentBuild-2018» 4-ші Оңтүстік-Қазақстан құрылыс және интерьер көрмесінің қатысушылары мен қонақтарына хош келдіңіздер деймін.

Бүгінде құрылыс индустриясы жылдам қарқынмен дамып келеді, және осы көрмені өткізу біздің елдеріміздің қоғамдастықтары үшін көптен күткен оқиға болып отыр. Оның дамуының арқасында тұтастай алғанда біздің елдеріміздің және жекелеген аймақтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы барынша жақсарады. Атап айтқанда, өнеркәсіптік нысандардың құрылысы жұмыс орындарының санының артуына және азаматтардың әл-ауқаттарының артуына ықпалын тигізетін болады. «ShymkentBuild-2018» құрылыс материалдары өнеркәсібінің дамуына, құрылыстық өнімдер мен конструкциялардың өндірісінің дамуына жаңа қарқын береді, аймақаралық және халықаралық байланыстардың қалыпқа түсуінде маңызды рөл ойнайды.

Бүгінгі күрделі жағдайда көрме ерекше маңызға және мәнге ие болып отыр, көптеген ресейлік және шетелдік компаниялардың назарларын аударуда, қазіргі кездегі жетістіктерді паш етуге және алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибемен танысуға мүмкіндік береді. Бұл біздің елдеріміздің арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға арналған берік байланысты орнатуға мүмкіндік беретін конструктивті кездесулер орыны.

Көрменің барлық қатысушыларына, ұйымдастырушыларына және қонақтарға табысты жұмыс атқаруды, тиімді өзара байланыс орнатуды, берік әріптестік байланыстар, табыс, амандық және алға қойған мақсаттарыңызға қол жеткізуде табыстар тілеймін!

А.В. Яковлев
Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Сауда өкілі


ITECA ITE ITE Eurasia
© 2019 ShymkentBuild. Все права защищены.