Құрылыс индустриясындағы инновациялық шешімдер мен негізгі трендтерді Шымкентте өтетін көрме ұсынады
16 – 18 наурыз аралығында Шымкент қаласында ShymkentBuild 2016 2-ші Оңтүстік Қазақстан құрылыс көрмесі өтеді. Экспозиция Нұрсат ықшам ауданы, Астана даңғылы, 12 мекен-жайы бойынша заманауи көрме орталығында орналасады.
Көрменің негізгі тақырыбы – құрылыс және өңдеу материалдары, жылыту жабдықтары, сумен жабдықтау, терезе технологиялары және құрылыс техникасы.
Алғашқы рет көрмеге Оңтүстік Қазақстандық құрғақ құрылыс қоспалары, бетон және темір бетон бұйымдарының өндірушісі – «Отау Строй» компаниясы қатысады, күрделілігі әр түрлі кез келген құрылыс тапсырмаларын орындауға мүмкіндік беретін терезе және есік профильдер желісін «Триумф М.М.С.» зауыты» таныстырады.
Көрменің инновациялық шешімі – өнеркәсіптік, коммерциялық және тұрғын үй ғимараттары, көлік инфрақұрылымының нысандары, электр беру желісі құрылысына арналған жоғары сапалы өнімдер ұсынатын Ақтөбе рельс-арқалық зауыты.
Құйылған табақша шыныдан жасалған таңдаулы сәндік бұйымдарды «Омега мера» трейдингтік компаниясы» көрсетеді, жүк көтергіш құралдар мен механизмдерді – «Гефа» компаниясы, сондай-ақ қалаға еуропалық стильдегі әсем сырт көрініс беретін заманауи қалалық көше жиһазын «Design Services by A-Z» компаниясы таныстырады.
Сумен жабдықтау және кәріз жүйесі саласындағы мамандарға «TESCO» компаниясы өрт сөндіруге арналған сорғы станциялары, шахталық кәріздік сорғы станциялары, кәріздік ағын суларды бұруға арналған қысымды қондырғылар және басқа да сорғы жабдықтарын ұсынады. Жылыту жүйелері қызықтыратын келушілерге «Татьяна және Юлия» компаниясы бірегей жылу беру жүйесі бар «Мимакс» қазандарын таныстырады.
Ұйымдастырушылар Оңтүстік Қазақстан нарығына шығуды қалайтын компаниялардың ерекше қызығушылығын атап көрсетеді. Бүгінгі күні көрме экспозициясы өткен жылғы қатысушылармен бірге жаңа компаниялармен толығып жатыр.
Қатысушыларға көрме жаңа жеткізушілер мен серіктестер табуға, сонымен қатар құрылыс индустриясындағы жаңа өнімдер, үрдістер және технологиялар жайлы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Оқиғаға келу үшін сайт арқылы ашық тіркелуден өту қажет, бұл көрмеге тегін кіруге кепілдік береді, сондай-ақ уақытты айтарлықтай үнемдейді.
Оқиғаның ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің ресми қолдауымен Iteca қазақстандық көрме компаниясы, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және басқару жөніндегі комитет және Оңтүстік Қазақстан облысы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.
Оқиғаның ресми сайты – www.shymkentbuild.kz
- -де жасалған