Оңтүстік Қазақстан Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі

ShymkentBuild / WorldBuild Shymkent 2017 көрмесі – бизнестің дамуындағы жаңа көкжиектер

Бүгінгі күні Шымкент Оңтүстік Қазақстан облысының ірі өнеркәсіп – индустриялық орталығы болып табылады, ол үшінші қазақстандық мегаполис ретінде қаланың дамуы бойынша Елбасының тапсырмасын орындау жолында қарқынды жылжып келеді.

Шымкентті дамыту тұжырымдамасының 2016-2020 жылдарға арналған жобасының негізінде қалалық инфрақұрылым дамуда, бірнеше индустриялық аумақ әрекет етуде. Тазалау құрылғыларын, автокөлік жол айырықтарын, бес жаңа демалыс саябақтарын салу және қараусыз қалған жер телімдерін көгалдандыру, сонымен қатар, Shymkent City қазіргі заманғы тұрғын үй және іскерлік аудандарын тұрғызу жоспарланған.

15 наурыздан 17 наурызға дейінгі аралықта Оңтүстік Қазақстандық құрылыс және интерьерлік көрмесі - ShymkentBuild / WorldBuild Shymkent 2017 үшінші рет өтеді. Көрме Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс индустриясының жай-күйін анықтайтын іс-шара болып табылады және елдің өңірін дамытуда теңдесі жоқ рөлді атқарады.

Жобаға келесі бөлімдер қосылады: Құрылыс материалдары мен жабдықтар, интерьер мен әрлеу материалдары, күйіктас пен тас, жылыту мен сумен жабдықтау, желдету мен ауаны тазарту, терезе технологиялары, жол құрылысы, арнайы техника.

Қатысушылар өздерінің стендтерінде қаптайтын күйіктас кірпіштерін, керамзит, мәрмәр, жарық беретін құралдарды, электрді, жылу оқшаулағыш бетонға арналған жабдықты, ванна бөлмелеріне арналған жиһазды, жабынды материалдарды, цементті, құбырларды, фитингтерді, құбыр өткізгіш арматураларын, радиаторларды, еден жабындыларын, түрлі мақсаттағы шиналарды, жабынды материалдарын және көптеген басқаларын көрсетеді.

Жыл сайын көрмені Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму жөніндегі министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Әкімдік және Оңтүстік Қазақстан облысының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қолдайды. Іс-шараның ұйымдастырушылары – Iteca қазақстандық көрме компаниясы болып табылады.

ShymkentBuild / WorldBuild Shymkent 2017 көрмесінің қатысушылары өзінің өнімін әлеуетті клиенттерге ұсына алады, кәсіби байланыстарының базасын толтыра алады, өткізу географиясын кеңейте алады, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс, сауда және монтажды ұйымдарының мамандарымен тікелей келіссөздер жүргізе алады.

Сонымен қатар, ұйымдастырушылар көрменің іскерлік бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алады, атап айтқанда, кәсіби семинарды, шеберлік сабақтарын немесе бірегей шешімдер мен әзірлемелерді ұсына отырып, тәжірибемен бөлісіп, таныстыру рәсімін жүргізу үшін, сонымен қатар, мақсатты аудиторияның мұқтаждықтарын анықтау үшін ыңғайлы уақытты брондай алады.

Өткізілетін орны: Шымкент қ., Нұрсәт шағын ауданы, Астана даңғылы 12, «Көрме орталығы».

Көрме экспозициясын және көрменің іскерлік бағдарламасын құру жалғасуда!

Өткен жылдың қорытындысы, қатысушылардың алдын-ала тізімі және басқа да пайдалы ақпарат іс-шараның ресми сайты www.shymkentbuild.kz қолжетімді.

  • -де жасалған