3-ші Оңтүстік-Қазақстан құрылыс және интерьер көрмесі, 15 - 17 наурыз 2017ж., Қазақстан, Шымкент, Көрме Орталығы
15-17 наурыз аралығында Шымкент қаласында ShymkentBuild / WorldBuild Shymkent 2017 - 3-ші Оңтүстік-Қазақстан құрылыс және интерьер көрмесі өтеді.
Бүгін Шымкент алдына қойылған басты мақсат – еліміздің үшінші мегаполисі болу. Шымкенттің 2016-2020 жылдарға арналған даму концепциясы негізінде қала инфрақұрылымы дамуда, бірнеше индустриялық аймақ жұмыс істейді. Тазарту тоғандарының, автомобиль жол айрықтарының, бес жаңа демалыс саябағының құрылысы және қараусыз қалған жер телімдерін көгалдандыру, сол сияқты Shymkent City заманауи тұрғын және іскерлік ауданын салу жоспарланған.
ОҚО-дағы құрылыс – басым салалардың бірі. Құрылыс секторына қосылғандардың барлығы да жаңа технологияларға, жабдықтар мен серіктестерге мұқтаж. Сондықтан да ShymkentBuild / WorldBuild Shymkent көрмесі Оңтүстік Аймағының дамуында басты шара болып табылады.
Биылғы жылы көрмеге Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Қырғызстан елдерінің өндірушілері мен жабдықтаушылары қатысады. 40-тан астам компания келушілерді өз стендтері арқылы жоғары сапалы қаптауыш керамикалық кірпішпен, керамзитпен, мәрмәрмен, жарықтандыру аспаптарымен, электротехникалық жабдығымен, фибробетонға арналған жабдықпен, жуынатын бөлмеге арналған жиһазбен, жабындық материалдармен, цементпен, құбырлармен, құбырларды біріктіргіш бөлшектермен, құбыржол арматурасымен, радиаторлармен, еден жабындарымен, жеңіл металл құрастырылымдарымен, хризотилцемент жалпақ тақталарымен, сайдингпен және т.б. таныстырады.
El Partners компаниясы алғаш рет көрмеде Малайзияда өндірілген жаңа гидрооқшаулағыш материалдарымен таныстырады. Шин Line компаниясы қалаушылардың барлығын түрлі мақсаттағы шиналармен таныстырады. Алпроф компаниясы алюминий пішіні мен құрылымдарды, сол сияқты Қазақстандық құбыр зауыты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарының құрылысы мен қайта құруына қажетті құбырлар мен фасонды бұйымдарды көрсетеді.
Көрме орталығында стендтерді алмағанда, мамандар қатысушылары өзі тиегіш автобетонқоспалауыштарын, полимер бұйымдары мен телекоммуникациялық пассивті жабдықтарды ұсынатын көше экспозициясын бағалай алады.
Мәлімделген брендтер: Teksan, Megalux, Asia Avize, Gerard, Технолайт, Venecja, EcoLight, Power Trac, GT Stone, Matador, Kama, Mustang, Putzmeister, Nova универсал, Faresin, EcoRainLine, Misty, Fusitek, Varmega, Coswick, Haro, Wooden Floor, Focus Floor, Bonnard, KSC, GPSpraykote, Greenseal, Nova колор және т.б.
Өткізу орны: Шымкент қ-сы, Нұрсат ы/а, Астана даңғылы, 12 үй, Көрме орталығы.
Шара ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Министрлігінің, Оңтүстік-Қазақстан облысы Әкімдігінің және Оңтүстік-Қазақстан облысы кәсіпкерлерінің Ұлттық палатасы ресми қолдауымен Iteca қазақстандық көрме орталығы.
www.shymkentbuild.kz
- -де жасалған