Оңтүстік Қазақстан облысында 4-ші рет ShymkentBuild көрмесі өтеді
2018 жылдың 13 мен 15 наурызы аралығында Шымкентте 4-ші рет ShymkentBuild 2018 Оңтүстік Қазақстан құрылыс және интерьер көрмесі өтеді.
Заманауи Шымкент – Қазақстанның алдыңғы қатарлы қалаларының бірі. Инфрақұрылымның дамуымен жоспарлы түрде өсуші орталық қалыптасуда. Қала мен қалаға жақын жатқан елді-мекендер халқы миллионға жетеді.
«Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі Әлеуметтік-экономикалық даму концепциясы» Шымкентті елдің үшінші мегаполисіне айналдыру бойынша негізгі міндеттерді анықтайды. Алдымен өзгерістер қала құрылысы жүйесіне қатысты: Алматы – Шымкент айналма жолы салынуда, құрылысы үшін 143 млн доллар бөлінген тағы бір халықаралық әуежай құрылысы жоспарлануда. Облыс әкімі бастамасы бойынша «Шымкент тәжі» 40-қабатты тұрғын үй кешені жобасы басталды.
Шымкенттің солтүстігінде «Shymkent City» іскер орталығы –жалпы аумағы 420 га болатын ең үлкен аудан салынуда. ОҚО арқылы өтетін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автомобиль дәлізі құрылысы аяқталуға жақын. Алайда, елдер арасындағы қатынас үздік отандық және шетел мамандарымен тығыз ынтымақтастықты талап етеді. Сондықтан ShymkentBuild көрмесін өткізу тек қала үшін ғана емес, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысына, онымен шектес аймақтар және жақын көршілер – Өзбекстан мен Қырғыстан үшін құрылыс секторындағы жыл сайынғы маңызды оқиғаға айналды. Көрме экспоненттерге өз өнімдерін барныша көп бизнес-келушілерге көрсетуге және жаңа әлеуетті сатып алушыларды табуға мүмкіндік береді.
Өткен көрме нәтижелері жоғары сауда тиімділігін көрсетеді:
• қатысушылардың 77% көрме бизнестің дамуына ықпал етеді деп санайды;
• 73% бірегей келушілер іс-шараға қатысу өз бизнесін дамыту үшін маңыздылы деп санайды;
• 27% қатысушылар көрме кезінде келісімшарттар жасаған.
ShymkentBuild 2018 келесі бөлімдерді қамтиды:
• құрылыс материалдары және жабдықтары;
• интерьер және әрлеу материалдары;
• жылыту және сумен жабдықтау;
• желдету және кондициялау;
• керамика және тас;
• терезе технологиялары;
• жол құрылысы;
• арнайы техника.
Жыл сайынғы көрмелер келесілер қолдауымен өтеді: ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, ОҚО әкімдігі, ОҚО Кәсіпкерлер ұлттық палатасы, Қазақстан Республикасы және Орталық Азия құрылысшылары одағы.
Өткізілетін жері: Шымкент қ, Нұрсат ықшамауданы, Астана даңғылы 12, «Көрме орталығы» ҚММ.
Оқиға ұйымдастырушысы – Iteca қазақстандық көрме компаниясы.
Көрме экспозиция және іскер баңдарламаны қалыптастыру жалғасуда!
Өткен жыл қорытындысы, қатысушылардың алдын ала тізімі мен басқа да пайдалы ақпаратты www.shymkentbuild.kz оқиғаның ресми сайтынан ала аласыз
- -де жасалған