SHYMKENTBUILD 2019 – ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ЖӘНЕ ІЛЕСЕТІН САЛАЛАРДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
Жақын арада, 2019 жылғы 13 наурызда шуақты Шымкент «Көрме» көрме ортадығында бесінші мерейтойлық Оңтүстік-Қазақстанның ShymkentBuild 2019 құрылыс және ішкі көрініс көрмесін өткізеді.
Саланың 1000 аса мамандары бизнес-алаңда тәжірибе алмасу, соңғы әзірлемелер және саладағы жаңалықтарды талдау үшін және жаңа іскерлік байланыстарды орнату үшін кездеседі.
Көрмеге Шымкен қаласының әкімдігі және Шымкент қ. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы шақырылды.
SHYMKENTILD КӨРМЕСІНЕ ИСПАНИЯ, ҚАЗАҚСТАН, ҚЫРҒЫЗСТАН, РЕСЕЙ ЖӘНЕ ӨЗБЕКСТАННАН ҚАТЫСАТЫН КОМПАНИЯЛАР:
Barled Kz, Borusan Makina Kazakhstan, Das Erste Haus, Entec Казахстан, Kingspan, Led Innovations, Prensoland S.A., Savoir Faire, Smart Constraction, Stalform, Steel Technology, S-Tools, Tandau Trade, Toshafus, Wl-Astana, ZZBO, Аққу-энерго, Акрон Полимер, Алмалық Тау-кен Металлургиялық Комбинат, Альфа-Про Вент, Ас-Ай Лтд, Бессер-Қордай, Дарминпроект, Оңтүстік Құрылыс Сервис, Полимерметалл-Т, Славяндық есіктер, Спира-Берга, Стройторг-Экспо, Тансу.
SHYMKENTILD 2019 КӨРМЕСІНІҢ БӨЛІМДЕРІ
• құрылыс материалдары және жабдық,
• жол құрылысы,
• ішкі көрініс және әрлеу материалдары,
• терезе технологиялары және қасбеттер,
• керамика және тас,
• жылыту және желдету,
• сумен жабдықтау және канализация.
АРНАЙЫ БАЙЕРЛІК БАҒДАРЛАМА
Көрменің екінші күні 2019 жылғы 14 наурызда көрмеге Қырғызстан Республикасының Бішкек қаласынан құрылыс секторы мамандарының делегациясы келеді.
Бұл екі оқиғаны өткізу Оңтүстік Қазақстан үшін ғана емес, сол сияқты жақын көршілес елдер Қырғызстан және Өзбекстан үшін де маңызды.
Тығыз экономикалық қатынастар шарттарында мемлекеттер арасында үздік отандық және шетелдік мамандарымен ынтымақтастықтың тиімді стратегиясы талап етіледі.
ІСКЕРЛІК БАҒДАРЛАМА
13 наурызда іскерлік бағдарлама шеңберінде «Құрылыс саласында баға құру және стандарттау» конференциясы жоспарланды, оның бастамашысы мен спикері ретінде Шымкент қаласының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы шығады. Спикерлер Түркістан облысының нарығының шолуы мен талдауын ұсынады, қатысушылардың сұрақтарына жауап береді.
Құрылыстық процесстер шаруашылық жүргізу нысандарының энергия үнемдеу және энергиялық тиімділік мәселелерін шешумен тығыз байланысты. Осыған байланысты ShymkentBuild көрмесімен қатар «Энергетика, электр техникасы және энергетикалық машина жасау» Powerexpo Shymkent 2019 Оңтүстік-Қазақстандық көрмесі өтеді.
Powerexpo Shymkent 2019 көрмесінің шеңберінде 14 наурызда «Аққу-Энерго» компаниясының «Өндірістік аккумуляторлар және ЖТТЖ жабдықтары» тақырыбына семинар өтеді.
SHYMKENTBUILD 2019 КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Бүгінгі таңда Шымкент қ. тұрғын-үй құрылысының қарқыны және көлемі бойынша көшбасшы болу фактісі көрмеге үлкен мағына береді. Мәселен, 2018 жылы 439 мың ш.м. тұрғын-үй қолданысқа енгізілді, ал құрылыс көлемі 225,8 млрд теңгені құрады, бұл 2017 жылғы көлемге қарағанда екі есе артық. Қазіргі уақытта қала және өңірді дамыту бойынша келешекті жобалардың қатары жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, «Шымкент» агро-индустриалдық аймақ құрылатын болады, жаңа әкімшілік ғимараттардың және әуежай терминалының құрылысы, темір жол вокзалын жаңғырту, бірнеше қалалық нысандардың қайта құрылысы жоспарланды.
Оқиғаның ұйымдастырушысы Iteca Қазақстандық көрме компаниясы және ITE (Ұлыбритания) Компаниялар тобының халықаралық серіктесі болып табылады.
Конференциялар мен семинарларға қатысу – тегін.
- -де жасалған