Оңтүстік Қазақстан Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі

SHYMKENTBUILD және POWEREXPO SHYMKENT – КӨКТЕМГІ КӨРМЕ МАУСЫМЫН АШТЫ

13 03 2019shymkent pr 01

Бүгін 2019 жылғы 13 наурызда шуақты Шымкент қаласында құрылыс және энергетика бойынша бірден екі көрме ашылды: Бесінші Мерекелік Оңтүстік-Қазақстандық құрылыс және ішкі көрініс ShymkentBuild 2019 және «Энергетика, электр техникасы және энергетикалық машина жасау» Powerexpo Shymkent 2019 Оңтүстік-Қазақстандық көрмесі.

Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Данияр Дәрмен өз сөзінде өңірде осыған ұқсас іс-шаралар жүргізу қажеттілігіне назар аударды: «ShymkentBuild көрмесі біздің өңірімізде өте өзекті. Аталған іс-шараны өткізу біздің мемлекетіміздің оңтүстік өңірлерінде «құрылыс серпілісі» басталып жатыр, көптеген құрылыс нысандары жоспарлануда».

13 03 2019shymkent pr 02

Шымкент қ. әкімдігінің Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Өтенбаев: «Шымкентте бүгіннің өзінде өте көп құрылыс жұмыстары жүргізілуде, соның ішінде әлеуметтік маңызы бар ғимараттардың, тұрғын үйлердің және инженерлік инфрақұрылымдардың құрылысы. ShymkentBuild көрмесінде құрылыс жұмыстарына арналған барлық аспаптар, жабдықтар және материалдар ұсынылған».

ShymkentBuild 2019 және Powerexpo Shymkent 2019 көрмесінде Испания, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанның: Barled KZ, Borusan Makina Kazakhstan, Das Erste Haus, Entec Казахстан, Kingspan, Led Innovations, Prensoland S.A., Savoir Faire, Smart Constraction, Stalform, Steel Technology, S-Tools, Tandau Trade, Toshafus, Wl-Astana, ZZBO, Аққу-Энерго, Акрон Полимер, Алмалық тау-кен металлургиялық комбинаты, Альфа-Про Вент, Ас-Ай Лтд, Бессер-Кордай, Дарминпроект, Оңтүстік Құрылыс Сервис, Полимерметалл-Т, Славянские Двери, Спира-Берга, Стройторг-Экспо, Тансу компаниялары өз өнімдерін көрсетеді.

ShymkentBuild 2019 және Powerexpo Shymkent 2019 көрмесінің бірінші күні ғана өтуіне қарамастан іс-шараға қатысушылар мен келушілер бүгінгі жұмыстың нәтижелері туралы айтып үлгерді.

Рустам Халилов, экспорт бойынша менеджер, «Алмалық ТМК» АҚ (Өзбекстан):
«Біздің компаниямыз 2014 жылдан бастап ShymkentBuild көрмесіне қатысып келеді. Ол бізге көптеген жақсы клиенттер әкеледі. Біз көрмеге қатысқан уақыттан бастап компаниямыз қомақты сомаға, төрт-бес миллион АҚШ долларына келісімшарт жасады. Бүгінгі таңда біз қазақстандық компаниялармен ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отырмыз. ShymkentBuild көрмесі орналасқан орны бойынша да бізді қызықтыратынын атап өтеміз. Шымкент Ташкентке жақын орналасқан, бізге осы жерге келу ыңғайлы».

Юлия Иванова, «ПолимерМеталл-Т» ЖШС маркетинг бөлімінің аға менеджері (Қазақстан):
«Біздің компаниямыз Iteca компаниясы өткізетін Build құрылыс көрмесіне бірнеше рет қатысты. Атап айтқанда біз Шымкентке бесінші рет келіп тұрмыз. Көрмеде біз өз клиенттеріміздің шеңберін және өз өнімдерімізді сататын географияны кеңейткіміз келеді. Бүгін біз өзіміздің тұрақты клиенттерімізді көрдік, олармен әңгімелесіп, оң пікір алдық».

Көрмелердегі іскерлік келіссөздер мен кездесулерден басқа, бүгін «құрылыс саласында баға құру және стандарттау» конференциясы өтті, онда Шымкент қ. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының спикерлері Түркістан облысы нарығының шолуы мен талдауын ұсынды, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

13 03 2019shymkent pr 05

Ертең, 2019 ж. 14 наурызда Аққу-Энерго компаниясы «Өнеркәсіптік аккумуляторлар және ЖТТЖ жабдығы» тақырыбына семинар өткізеді. 

Сорл сияқты, көрменің екінші күнінде іс-шараға Қырғызстанның Бішкек қаласы құрылыс және энергетика саласының мамандар делегациясы келеді. Аталған байерлік бағдарлама қазақстандық бизнес үшін ғана емес, сол сияқты жақын көршілес мемлекеттер Қырғызстан мен Өзбекстан үшін де маңызды. Тығыз экономикалық қатынастар шарттарында мемлекеттер арасында отандық және шетел мамандарымен ынтымақтастықтың тиімді стратегиясы талап етіледі.

13 03 2019shymkent pr 06

ShymkentBuild 2019 және Powerexpo Shymkent 2019 көрмелері өз жұмысын 2019 жылдың 15 наурызына дейін жалғастырады.

Іс-шараны ұйымдастырушы  Iteca қазақстандық көрме компаниясы және оның ITE компаниялар тобының халықаралық серіктесі (Ұлыбритания).

  • -де жасалған