ShymkentBuild 2015: Оңтүстік Қазақстанда құрылыс саласын дамыту перспективасы
Iteca қазақстандық көрме компаниясы Шымкент қаласында 11-13 наурыз аралығында өтетін Оңтүстік Қазақстанда бірінші рет ұйымдастырылған ShymkentBuild 2015 құрылыс көрмесіне дайындықты белсенді түрде жүргізуде.
Экспозиция негізін құрылыс, интерьер, терезе технологиялары, жылыту, желдету, сумен қамтамасыз ету, керамика және тас саласында жаңа технологиялар мен әзірлемелер, өнімдер мен қызмет ұсынатын қазақстандық компаниялар құрайды.
Жаңа буынның құбырларын «Арыстан» Степногорск құбыр зауыты ұсынады. «BRiS-Строймонтаж» компаниясының стенді арқылы келушілер өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы ғимараттарға арналған жаңа қаңқасыз технологиялармен таныса алады. «BLUE OCEAN» сауда белгісінің полимерлік құбырлар жүйелері «Голубой Океан Алматы» ЖШС стендінде көрсетіледі. Саланың осы және басқа да жаңа өнімдерімен ShymkentBuild көрмесінде таныса аласыз.
ОҚО Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «ОҚО Бірінші Құрылыс Форумы» өтеді, онда мына тақырыптар талқыланады:
- ОҚО құрылыс саласының даму перспективасы;
- Ішкі және сыртқы нарықтарда қазақстандық өнімдердің бедел-бейнесін арттыру;
- Мемлекеттік-жекеше серіктестік саясатын жүзеге асырудағы Қазақстан аймақтарының жаңа рөлі;
- Құрылыс саласындағы инновациялық шешімдер.
Форум шеңберінде облыстың экономикалық дамуына мүмкіндік тудыратын ниет туралы хаттамаларға, меморандумға және келісімдерге қол қойылу күтіледі.
ShymkentBuild көрмесі Оңтүстік Қазақстан облысы құрылыс саласының мамандары арасында тәжірибемен алмасу және іскерлік байланыс орнату орталығы болмақ.
Шараға ресми қолдауды Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы көрсетеді.
Қосымша ақпарат, қатысудың және серіктес болудың түрлері оқиғаның сайтында берілген – www.shymkentbuild.kz
- -де жасалған