Оңтүстік Қазақстан Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі

ShymkentBuild-2016 халықаралық көрмесі өтіп жатыр

Бүгін Шымкент қаласында ShymkentBuild 2016 екінші халықаралық көрмесі өз жұмысын бастады. Үш күнге жалғасатын іс-шарада 40-тан астам құрылыс компаниясы өз өнімдерін ұсынып отыр.

17 03 2016bs 01

Бұл компаниялар нарықта сұранысқа ие тауарларды өндіреді. Атап айтқанда ғимарат, жол, инженерлік жүйелер құрылысын жүргізуге, жөндеу мен безендіруге арналған материалдар. Биылғы жаңалық – бетон өндіруші «Кам бетон зауыттары», су жылытқыштар мен газ қазандықтарын өндіруші «Ariston», жол жабдықтарымен айналысатын «Fleet and Equipment Solutions» сияқты құрылыс нарығында ұзақ жылдар бойы сапалы өнімімен аты шыққан беделді компаниялардың қатысуы. Сондай- ақ келушілерге түрлі шетелдік танымал компаниялардың өнімдеріне баға беріп, оны пайдаланып көруіне мүмкіндік бар.

Сондай компанияның бірі – «ART-сапалы құрылыс» ЖШС. Газ, көмірмен қатар жанармаймен де жағылатын пеш шығаратын зауыт. 2008 жылдан бері жұмыс істейтін мекеме тек өткен жылдың өзінде 130 қазандық жасап шығарған. Бағасы 400 мың теңгеден басталып, 6 млн теңгеге дейін жетеді. Германиялық Viessmann компаниясының технологиясы негізінде құрастырылады.

17 03 2016bs 02

Компания директорының орынбасары Нұрлан Нұрышевтің айтуынша, бұл пештер негізінен мемлекеттік мекемелер, зауыттар, фабрикалар мен жылыжайларға арналған. «Көбінде мемлекеттік сатып алу тендерлері арқылы жұмыс істейміз. Тапсырыспен де, сатылым үшін де жасаймыз. Қазандықтарымыздың пайдалану мерзімі – 15 жыл. Бұл көрме тауарымызды өткізіп, жаңа клиенттер тарту үшін зор мүмкіндік», — дейді Нұрлан Нұрышев.

Еске сала кетсек, 2016-2020 жылдары ОҚО-да 1671,8 мың шаршы метр ғимарат пайдалануға беріледі деп күтілуде. Құрылыс көлемі жыл сайын 1,5-2 %-ға өсіп отырады.

Жанат Қапалбаева,
Оңтүстік Қазақстан облысы
http://businessnews.kz

 

  • -де жасалған