Шымкенттегі құрылыс көрмесіне 40-тан астам компания қатысуда
Шымкент қаласының «Көрме» орталығында өтіп жатқан ShymkentBuild 2016 ІІ халықаралық көрмесіне 40-тан астам құрылыс компаниясы өз өнімдерін ұсынды.
Үш күнге жалғасатын бұл көрмеде құрылыс компаниялары сұранысқа ие яғни, ғимарат, жол, инженерлік жүйелер құрылысын жүргізуге, жөндеу мен безендіруге арналған материалдарды ұсынуда.
Аталған шарада келушілерге түрлі шетелдік танымал компаниялардың өнімдеріне баға беріп, оны пайдаланып көруіне мүмкіндік бар.
Қатысушылар бұл көрме тауарды өткізіп, жаңа клиенттер тарту үшін зор мүмкіндік екенін айтады.
Айта кетейік, 2016-2020 жылдары облыста 1671,8 мың шаршы метр ғимарат пайдалануға беріледі деп күтілуде. Ал жыл сайын облыста құрылыс көлемі 1,5-2 пайызға өсіп келеді.
- -де жасалған