Оңтүстік Қазақстан Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі

«МИР ПАРКЕТА» – паркетті еден үстілік жабындылардың әлеміндегі кәсіпқой!

Алғаш рет ShymkentBuild / WorldBuild Shymkent 2017 көрмесінде өзінің өнімін «Мир Паркета» компаниясы ұсынады.

Компанияның міндеті – жоғары сапалы едендік паркеттерді ұсыну және өзінің клиенттеріне кәсіпқой паркет жұмыстарын ұсыну.

«Мир Паркета» канадалық өндіруші Coswick, несім өндірушісі HARO, австриялық Mafi, польшалық өндіруші Barlinek, ресейлік өндіруші Karelia Upo floor, неміс өндірушісі PARADOR сияқты әлемдік брендтердің эксклюзивті өкілі болып табылады.

Бүгінгі таңда ұсынылатын өнімдер мен қызметтердің сұрыптамасы, Қазақстандағы ең кең тарағандардың бірі болып табылады және оған келесілер қосылады: ауқымды паркеттер, паркет тақтасы, модульдік паркет, дара паркет, инженерлік паркет, термо-паркет, дизайнерлік паркет, спорттық едендер, террасса тақтайы, винилді жабындылар, акустикалық панельдер, қабырға панельдері, паркетті химия, паркетті қалпына келтіру мен оларға күтім көрсету жөніндегі құралдар.

MirParketa1 499x499

«Мир Паркета» компаниясы - бұл Алматы мен Астанадағы бөлшектеп сататын салондар желісі.
Бұдан басқа компания клиент «мир Паркета» өнімін өзінің қаласында ұқсас бағаға сатып ала алуы үшін бүкіл Қазақстан бойынша өзінің дилерлік желісін дамытуда.

«Мир Паркета» үнемі сәулетшілер, дизайнерлер, дилерлер және төсеушілер үшін кәсіби семинарларды жүргізеді, ол жерде олар паркетті төсеудің технологиялары бойынша оқудан өтеді, паркеттік материалдардың техникалық тәжірибелері мен эксперименттерін бақылайды, сонымен қатар, өнім бойынша толық ақпарат алады.

MirParketa2 499x493

«Мир Паркета» Базис А, BI Group, Элит Строй, Global сияқты Қазақстанның көптеген құрылыс ұйымдарымен белсенді қызмет атқарады. Қызмет еткен жылдары біз едендік жабындыларды сату мен салудың бірегей тәжірибесін жинадық, жеке, қоғамдық интерьерлердің көп көлемін іске асырдық. Ең ірілері бұл - Abu Dhabi plaza, Chaplin cinema, GQ бар, «Вечное Небо» мейрамханасы, Алматыдағы Мұз айдыны және басқа да ірі нысандар.

Мир Паркета компаниясы үнемдіден бастап эксклюзивті паркетке дейінгі едендік жабындылардың барлық баға сегменттерін ұсынады.

Біз өзіміздің тәжірибемізбен бөлісуге және әр үйге едендік жоғары сапалы жабындыны ұсынуға дайынбыз!

«Мир Паркета» компаниясы өнімдерінің толық сұрыпталымы туралы толық ақпаратты ShymkentBuild / WorldBuild Shymkent 2017 көрмесінен 15 наурыздан бастап 17 наурызға дейінгі аралықта білуге болады!

  • -де жасалған