Оңтүстік Қазақстан Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі

ShymkentBuild / WorldBuildShymkent 2017 көрмесінде «Строй-промгрупп 2030» Рудный кірпіш зауытының керамикалық кірпіші

Зауыттың тарихы

Зауыт 1959 жылдан бастап жұмыс жасап келеді және қазіргі таңда керамикалық кірпішті өндіруге мамандандырылады.

2004 жылы зауыт «Строй-промгрупп 2030» ЖШС меншігіне өтті. 2005 жылдың басынан бастап күрделі жөндеу жүргізілді және керамикалық кірпішті өндіру бойынша бір технологиялық желінің жабдығы іске қосылды. 2009 жылы 50 жылдыққа орай – зауыттың миллиардыншы кірпіші шығарылды.

StroyPromgroup 1

Басымдылықтары:

Кірпіш қабырға материалы ретінде металлға деген қажеттілігінің болмауына, одан құрылатын ғимараттардың ұзақ мерзімділігіне және олардың сәулеттік сәніне, сонымен қатар, тұрғын үйдің жайлылығына байланысты басымды қалыпқа ие болып табылады.
Зауыт өндіретін кірпішті ғимараттар мен құрылыстардың сыртқы және ішкі қабырғаларын салу үшін, сонымен қатар, толық құйма кірпіштен іргетасын қалау үшін қолданады.

Құрылыста қалыңдатылған қуыс кірпішті қолдану келесілерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:
- құрылыс уақытын 20% төмендету;
- еңбектің шығынын 15% артыққа төмендету, салудың үйлесімді түрі – осының барлығы кірпіштің қалыңдатылған көлемінің есебінен (250*120*88);
- жоғары қуыстығының есебінен жылу өткізгіштігінің төмендігі;
- қуыс кірпіш салмағының аздығының есебінен толық құйма кірпішпен салыстырғанда ғимараттың іргетасына жүктеме 40% азаяды.

StroyPromgroup 2

2009 жылдан бастап көлемі 250х60х65мм жартыкеш жалқы эксперименттік кірпішті (ЖЖК) және көлемі 250х60х88 мм:
- құрылыс жұмыстарының өзіндік бағасын (ұстастыратын материалдарды, қоспаларды, көлік шығындарын, кірпішті салу кезіндегі еңбектің шығындарын және т.с.с. үнемдеу),
- көтеруші құрылымдарға жүктемелерді төмендетуге мүмкіндік беретін, қалыңдатылған кірпішті (КП-Қ) шығару ісі ретке келтірілді.

Жартыкеш беткі қабатты жалқы және қалыңдатылған кірпішті сыртқы қабырғаларды қаптау, ішкі аралықтарды құру үшін, сонымен қатар, сәндік кірпіш ретінде (алау ошақтарды, сәндік тіректерді және т.с.с. салу үшін) пайдалануға болады.

2014 жылдан бастап көлемі 250х120х88 мм М100,125,150 бос қуыстығы 9% дейінгі қалыңдатылған толық құйма беттік/қатардағы кірпішті шығару ретке келтірілді.

Кірпіш көлемі 110*75см түпқоймаларға салынады, стрейч-пленкасымен қапталады және пластикалық лентамен тартылады. Тиеу жұмыстары автокөліктің мұнаралы крандарымен жүзеге асырылады. Темір жол тұйығының болуы Қазақстанның барлық өңірлеріне темір жол көлігімен тиеуді жүргізуге мүмкіндік береді.

Өнімнің сапасы

Зауытпен шығарылатын кірпіш МЕМСТ 530-2012 сәйкес келеді. Өндірістің технологиялық үдерісін ұйымдасып бақылау үшін, стандартты емес кірпішті шығарудың алдын-алу үшін зауытта техникалық бақылау бөлімі құрылған. Зауыттық зертхана керамикалық кірпіштің, шикізаттың, аздырғыш материалдардың, созғыш және жанып кететін қосымшалардың сапасына жүйелік бақылау жүргізеді. Барлық өнімге сапаның сертификаты мен СТ-KZ тауардың шығу сертификаты бар.

Осылайша, құрылыс материалдарының нарығында біз керамикалық қызыл кірпіштің отандық өндірушісін ұсынамыз.

Рудный, Қостанай, Лисаковск, Астана, Алматы, Актөбе, Павлодар, Көкшетау, Петропавл қалаларындағы және Қазақстанның басқа өңірлеріндегі құрылыс ұйымдары мен кәсіпорындары Қазіргі таңда өнімнің тұтынушылары болып табылады.

  • -де жасалған