Оңтүстік Қазақстан Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі

ShymkentBuild 2018 көрмесінде отандық өндірушінің жабындық және қабырғалық сэндвич-панельдері

«Полимер Металл-Т» ЖШС - отандық өндіруші және құрылыс материалдарының жеткізушісі болып табылады. Компанияның өндірістік алаңы Алматы облысы Қапшағай қаласында орналасқан.

«Полимер Металл-Т» ЖШС әлемдегі құрылыс материалдары өндірушілеріне мықты отандық бәсекелес болуды мақсат етіп қойды және бір қадам да кейін шегінбей, соған ұмтылуда. Мамандардың кәсіпқойлығын арттыру және өз мүмкіндіктерін көрсету мақсатында компания мыналарға қатысады:
• құрылыс тақырыбына арналған барлық халықаралық көрмелерге;
• Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын жеңіп алуға және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауына;
• біліктілікті арттыру және растау үшін мамандарды жыл сайын оқытуға;
• қоғамдық қайырымдылық қорларына және ұйымдарға демеушілік көмек көрсетуге.

Жұмыс жасаған жылдары ішінде біз тек жобалық ұйымдар, құрылыс-монтаж компаниялары және мемлекеттік тапсырыс берушілердің ғана емес, жеке тұлғалардың да сеніміне ие болдық. Көптеген жағдайларда бұған икемді баға саясаты, жақсы ойластырылған логистика және тапсырыс берушілерді техникалық қолдаумен қамтамасыз ету септігін тигізеді. Өнімдер көтерме және бөлшек сауда арқылы сатылады, бұл тұтынушылардың кең ауқымына ынтымақтастықты ұсынуға мүмкіндік береді. Сіздерді біздің клиенттеріміздің арасында көруге қуаныштымыз, бізбен хабарласыңыз!

Бүгінгі таңда біз Қазақстан нарығына мыналарды жеткіземіз:
• Sptinter түріндегі метал жабынқыш;
• минерал мақта тақтасы және базальт жыныстары негізіндегі жабындық және қабырғалық сэндвич-панельдер, сондай-ақ жақтаушы және (пішінделген) элементтер;
• пішінделген төсемдер және блок модульдер.

polimer metall t1 500x191Өндірісте сенімді өндірушілерден және негізгі шикізат жеткізушілерінен сатып алынатын жоғары сапалы материалдар ғана қолданылады, бұл өндірістік алаңның заманауи үлгіде жабдықталуы мен тәжірибелі қызметкерлердің болуымен бірге өнімнің жоғары сапасына кепілдік беруге мүмкіндік береді.

Полимер Металл-Т өнімдері туралы толығырақ ақпаратты 13-15 наурыз аралығында Нурсат ықшамауд., Астана даңғ., 12, Көрме орталығында өтетін ShymkentBuild 2018 көрмесі кезінде біле аласыз.

  • Created on .
ITECA ITE ITE Eurasia
© 2019 ShymkentBuild. Все права защищены.