Оңтүстік Қазақстан Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі

Полиуретан мен пенополистирол қасбеттік зер өндірісі ShymkentBuild 2018 көрмесінде

ADK Index ЖШС ғимараттардың қасбеті мен интерьерін әрлеуде қолданылатын LEPKA тауарлық белгісімен шығарылатын полиуретан мен полистиролдан жасалатын сәндік элементтерін қазақстандық өндіруші болып табылады.

Жалпы көлемі 1500 м2 құрайтын, Алматы қаласында орналасқан компанияның өндірістік цехі еуропалық автоматтандырылған жабдықпен жабдықталған. Өндірісте жұмыс істейтін білікті техникалық қызметкерлер Стамбул қаласындағы серіктес компанияда оқып, тағылымдамадан өткен.
Біздің компания кәсіпорынның табысы ретінде және клиенттер сенімінің кепілі ретінде өндірілетін өнім сапасына көп мағына береді. Барлық LEPKA өнімі сапаны мұқият қадағалаудан өткен соң ғана қоймаға жеткізіледі.

Артықшылықтары

  • кіші салмақ және құрылыс конструкцияларына жүктеменің болмауы;
  • қысуға және бүгуге жоғары төзімділігі;
  • экологиялық қауіпсіз материал;
  • қызмет мерзімінің ұзақтығы;
  • құрылыс нысанында монтаждау жеңілдігі;
  • ылғалға төзімділігі мен көптеген химиялық заттарға қарсы тұра алушылығы;
  • қатаң геометриялық мөлшерлер;
  • монтаж кезінде уақытты үнемдеу;
  • тамаша дыбыс айырғыш;
  • ағашпен жұмыс істеуге арналған қарапайым құрал-сайманды пайдалану ыңғайлығы;
  • қысқы және жазғы кезеңдерде температура ауытқуына төзімділігі;
  • тасымалдау және сақтау ыңғайлығы;
  • жөндеу жарамдылығы;
  • су буының диффузиясы (ауа өткізеді);
  • тіпті әрбір адамға қолжетімді ақылға қонымды баға.

ADK Index өнімі жөнінде толығырақ ақпарат: ShymkentBuild көрмесінде 2018 жылдың 13 – 15 наурызында, Нұрсат ы/а, Астана даңғ., 12 үй, Көрме орталығы.

  • -де жасалған