STALFORM - ShymkentBuild 2018 көрмесінде күрделі нысандарға арналған қалып жүйелері
«STALFORM» — арнайы құрылыстың күрделі нысандарына арналған қалып жүйелер саласында көп жылдық тәжірибесі бар кәсіби мамандар командасы. Тәжірибелі менеджерлер Тапсырыс берушіге лайықты қалып жиынтығын таңдау мәселесінде сапалы қолдау көрсетіп, қолма-қол бағасын есептеп, қалып жүйелерін құрылыс алаңына жеткізілуді ұйымдастыуға дайын.
Қолданысы Тапсырыс берушілер сенімін ақтайтын 3 қарапайым ереже жетістік негізінде жатыр:
Сапа айнымастығы
Қалып көбінесе құрылыс нысанының сапасы мен қауіпсіздігін анықтайды, сондықтан да «STALFORM» тәжірибеде өзінің жоғары сапасын дәлелдеген өнімді ғана ұсынады.
Компания ерекше төзімділігімен, жан-жақтылығымен және қолдануда қолайлығымен құрылысшылардың сеніміне ие болған «MIRA» қалып жүйелерінің толық сұрыпталымын ұсынады. «STALFORM»-да ұсынылған барлық қалып сапа мен сенімділік қатаң стандарттарына сай келеді.
Тапсырыс берушіге кешенді қызмет көрсету
Қойылған мақсатқа қарамастан, күрделі жобаға арналған инжинирингтік шешімді әзірлеу болсын я болмаса стандартты қалып жиынтығының жеткізілімін ұйымдастыру болсын, «STALFORM» Тапсырыс беруші жобасына толық сүйемелдеуді жүзеге асырады: қалыптың оңтайлы жүйесін анықтаудан бастапқұрылыс барысындағы авторлық қадағалауға дейін. Мамандар кез келген сәтте қалыпты таңдаумен, пайдаланумен, монтажымен және демонтажымен байланысты барлық сұрақтар бойынша білікті кеңес беруге дайын.
Тапсырыс беруші мақсатына тиімді шешім іздестіру
Жобаны толық талқылау қорытындылары бойынша «STALFORM» мамандары құрылыс нысанының ерекшеліктерін, бюджет пен Тапсырыс берушінің одан арғы қажеттіліктері мен жоспарларын ескере отырып, қалып шешімінің тиімді нұсқасын ұсынады. Қажеттілігіне қарай, «STALFORM» мамандары өндірістік алаң инженерлерімен және конструкторларымен бірлесе Тапсырыс берушінің жобасына қарай жеке қалып шешімін өңдеп, әзірлеп береді.
«STALFORM» өнімі жөнінде толығырақ ақпаратты ShymkentBuild 2018 көрмесінде алуға болады, 13 – 15 наурыз, Нұрсат ы/а, Астана даңғ., 12, Көрме орталығы.
- -де жасалған