Оңтүстік Қазақстан Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі

Шымкентте жолдарды салу және жөндеу үшін 5 млрд теңге бөлінді

Шымкентте топырақ жол болмайды. Осы жайлы халыққа есеп беру кездесуі барысында Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді. Қалалық жолдарды салу, жөндеу және тиісті түрге келтіру үшін 5,3 млрд. теңге бөлінді.

Ол, соның ішінде, 2017 жылы 91 көшеге күрделі және орта жөндеу жұмыстары жүргізілгенін, қаланың 12 көшесінде жаяужол салынғанын атап өтті.
Бүгінгі таңда Шымкентте 1506 км асфальт, 1080 км қиыршық тас және 296 км топырақ жолдар бар.
2018 жылы бюджеттен сегіз магистрал көшеде 15 км құрылысқа 5,3 млрд. теңге бөлінеді. Сондай-ақ, 136 км ішкі орам көшелерді жөндеу жоспарланып отыр. Биылғы жылы «Бекжан» базары ауданында жол айрығы құрылысын аяқтау, сондай-ақ Бадам өзені арқылы өтетін көпірді қайта жаңарту жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, 119 км жолды салу және орташа жөндеуге, сондай-ақ 27 көшеге жаяужол салуға жобалық-сметалық құжаттама дайын. 128 ішкі орам көшелерді жөндеу жоспарлануда.

https://otyrar.kz

  • -де жасалған