Оңтүстік Қазақстан Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі

«Концерн Медведь Казахстан» ЖШС - ресейлік «Концерн Медведь» ЖШҚ зауытының ресми эксклюзивті өкілдігі

«Концерн Медведь Казахстан» ЖШС - ресейлік «Концерн Медведь» ЖШҚ зауытының ресми эксклюзивті өкілдігі.

Қазақстан Республикасында «Концерн Медведь Казахстан» мыналарды жеткізеді:
• центрден тепкіш желдеткіштер;
• түтінтартқылар;
• калориферлер;
• ауамен жылытқыш агрегаттар;
• циклондар;
• энергияны үнемдейтін жабдықтар;
• қатпарлы жылу алмастырғыштар;
• бойлерлер;
• сорғылар;
• градирнялар.

Жылдамдық пен ұтқырлықтың қазіргі кезде өте маңызды екендігін біле отырып, біз тапсырыс берушіге тез арада жеткізілетін ең қажетті және талап етілетін өнімдердің тізімін өзіміздің қоймаларымызда үнемі болуын қамтамасыз етуге тырысамыз.
Сату бөлімі Астана қаласында Иманов к-сі, 19, 501Н кеңсе мекен-жайы бойынша орналасқан, онда менеджерлер сіздерге қажетті сипаттамалары бойынша жабдықты таңдауға көмектесуге дайын. Өтімді тауар жайғасымын Сіз Алаш тас жолы, 22\1 мекен-жайы бойынша орналасқан қоймадан ала аласыз. Өндірістік алаң Астана қаласында Сарыарқа ауданы, Ақсеңгір к-сі, 13 (бұрынғы Пирогов көшесі) орналасқан.

dlya novoti vem 500x240

Алматы қаласында Әуезов к-сі, 82 үй, 311/1 кеңсе мекен-жайы бойынша орналасқан біздің еншілес кеңсеміз жұмыс істейді, ол Оңтүстік Қазақстан аумағы бойынша өнімдерді белсенді түрде алға жылжытады.

Қазақстаннан сатып алушылар Концерн Медведь компаниясының Астана және Алматы қалаларында орналасқан ресми өкілдіктеріндегі менеджерлермен тікелей қатынасып, байланыс орнатып, барлық туындаған мәселелерді жедел түрде шеше алады. Жеткізу, қызмет көрсету және орнату мәселелерін шешу де жеңілдетілді.
Сіздерге 2016 жылдың сәуір айынан бастап компания «Медведь» концерні өндіретін көмірден жасалған қатты отын қазандықтарын жеткізетінін хабарлаймыз.
• Отынмен қатар КӨМІРМЕН де жұмыс істейтін ӘМБЕБАП қазандықтарды өндіру игерілді.
• Отынмен жұмыс істейтін және әмбебап «COMFORT» және «COMFORT G» қазандықтарының жаңа сериясы әзірленді, ол КВр-нің бар сериясымен салыстырғанда бір толтырғанда ұзақ уақыт жанады.

«Концерн Медведь Қазақстан» ЖШС өнімдері туралы толық ақпаратты 13-15 наурыз аралығында Нұрсат ықшамауданы, Астана даңғылы, 12 мекен-жайы бойынша орналасқан Көрме орталығында өтетін ShymkentBuild 2018 көрмесінде ала аласыз.

  • Created on .