Оңтүстік Қазақстан Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі

КНАУФ Гипс Капчагай құрылыс материалдарын өндіруші ShymkentBuild 2018 көрмесінде өз өнімдерін ұсынады

КНАУФ компаниясы - Қазақстан, Ресей, Украина құрылыс саласындағы жергілікті мамандарды тарту арқылы жергілікті шикізаттан жоғары сапалы өнім шығаратын ірі неміс инвесторы.

Қазақстандағы ірі құрылыс материалдар өндірушілерінің бірі «КНАУФ Гипс Капшагай» ЖШС экологиялық тұрақтылыққа, соққыға төзімділікке, дыбыс және ылғалға төзімділікке қойылатын жоғары талаптарға сай материалдарды көрме стендінде ұсынады.

Біздің стендте сіз КНАУФ жүйелері мен материалдарын пәтерді жөндеу, үй салу немесе басқа үй-жайларды салу үшін қолдану туралы кеңестер аласыз.

КНАУФ Гипс стендінде келесі материалдармен танысасыз:
• КНАУФ табақ материалдарының түрлері, мысалы гипсокартон, гипс талшықты табақтары және т.б.;
• Профильдер мен толымдаушылар, КНАУФ-тың орнату және бекітуге арналған шешімдер жүйесі;
• Ылғалдан абсолютті қорғауды қамтамасыз ететін AQUAPANEL цемент плиталары;
• Бөлмеде акустикалық жайлылықты қамтамасыз ететін акустикалық шешімдер;
• Құрғақ қоспалар және гипстік сылақтар;
• PFT сылақ машиналары;
• және тағы басқалары;

13-15 наурыз аралығында Нурсат ықшамауданы, Астана даңғылы, 12 мекен-жайы бойынша орналасқан Көрме орталығында өтетін ShymkentBuild 2018 көрмесінде КНАУФ Гипс Капшагай компаниясының өнімдері туралы толық ақпаратты алуға болады.

  • -де жасалған