Оңтүстік Қазақстан Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі

«СПИРА-БЕРГА» ЖШС Алматылық полиэтиленді құбыр зауыты ShymkentBuild 2019-ға қатысады

«СПИРА-БЕРГА» ЖШС Алматылық полиэтиленді құбыр зауыты Қазақстан Республикасындағы заманауи жоғары сапалы полиэтиленді құбыр өндіруді жөнге салған алғашқы кәсіпорындардың бірі. Бүгінгі таңда зауыт газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, канализация (кәріз), электрлі және талшықты-оптикалық шоғырсымды, дренажды және суландыру жүйесі үшін полиэтиленді құбырларды өндіреді. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Су Арнасы» сумен жабдықтау және су тарту бойынша қауымдастықтың отандық тауар өндірушілеріне жүргізген кешенді тексеріс нәтижесі бойынша «Спира-Берга» зауыты аттестаттаудан өтті және мемлекетпен қаржыландыратын жобаларға құбыр өнімін жеткізуші ретінде ұсынылды.

«Спира-Берга» көрмеде ұсынатыны:

ҚОСАТЫН ЖАЛҒАСТЫРҒЫШ-ФИТИНГТЕР

photo news spira berga SHB 1

Фитингтер құбыр желілерінің ұштарын қосу үшін тағайындалған. «Спира-Берга» зауыты UNIDELTA итальяндық фирмасының ресми дистрибьюторы бола тұрып, қосатын жалғастырғыштарды, фитингтердің, қамыттардың, крандардың, төлкелердің, фланецтердің, құйылған бұрмалардың, үштіктердің, жалғастырғыш тетіктердің үлкен сұрыпталамын ұсынады. 

20 С болған кезде номиналды қысым:

 

Компрессиялық фитингтер:
Ø 16-63 мм – 16 АТМ
Ø 75-90-110 мм – 10 АТМ
6 АТМ ер тоқымдарының жеңілдетілген қысқыштары
Диаметрі 110 мм-ден жоғары фитингтер тапсырыс бойынша жасалады
Өнім UNI, ISO, DIN, AFNOR стандарттарына сәйкес дайындалған
Бұранда UNI-ISO 7/1,DIN 2999, BS 21 сәйкес
Ернемекті қосылыстар UNI 2223, DIN 8063 сәйкес
Диаметрлері – 16 мм-ден бастап 450 мм дейін

ГАЗ ӨТКІЗЕТІН ПОЛИЭТИЛЕНДІ ҚҰБЫРЛАР

photo news spira berga SHB 2Жер астында газ өткізуге арналған полиэтиленнен жасалған құбырлар өндірістік және коммуналдық-тұрмыстық пайдалану үшін шикізат және отын ретінде пайдаланылатын жанғыш заттарды тасымалдау үшін тағайындалған.
Біздің зауыт өндіретін құбырлар 100% бастапқы құлаштап толтырылған (қара) ТҚП полиэтиленнен жасалып шығарылады. Құбырларды дайындау үшін ПЭ 100 полиэтилен композициясынан тұратын полиэтиленнің үлгісін пайдаланады.
Құбырлар диаметрі 16 бастап 450 мм дейін, жұмысы қысымы 6 бастап 20 АТМ дейін шығарылады. Құбырдың түсі қара, төрт сары таңбаланған жолағы бар. Тура кесіліп шығарылатын құбырлар 12 м дейін ұзындықта өндіріледі. Диаметрі 16 мм бастап 75 мм дейін құбырлар құрылыстық ұзындығы 350 бастап 2000 дейін орамдарда дайындалады. Диаметрі 90 және 110 мм құбырлар сол сияқты құрылыстық ұзындығы 150 мм дейін орамада дайындалады.
Газ өткізуге арналған полиэтиленнен жасалған құбырлар СТ РК 4437-2014, МЕМСТ Р 50838-2009 сәйкес өндіріледі.
Сол сияқты компания өзі өндіретін басқа да өнімдерді көрсетеді.

13-15 наурыз аралығында ShymkentBuild көрмесінде «Спира-Берга» компаниясының стендіне келіңіздер.
Келуіңізді қазір жоспарлаңыз және билетті сайттан алыңыз

  • -де жасалған