Оңтүстік Қазақстан Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі

ShymkentBuild көрмесінде «Арыстан» Степногорск құбыр зауыты» ЖШС-ның жаңа буын құбырлары

«Арыстан» Степногорск құбыр зауыты» ЖШС 2014 жылдың желтоқсанында Корсис АРМ құбырын шығара бастады.

apm-01pic

КОРСИС АРМ құбырлары негізгі қолданылу аясы сыртқы және нөсерлі кәріз жүйесінің жер асты жүйелері болып табылатын екі қабырғалы кеңірдектелген құбырлардың жаңа буыны болып саналады. Дәстүрлі кеңірдектелген құбырлардан олардың түбегейлі өзгешелігі көп қабатты құрылым болып табылады.:

  • Құбырдың ішкі қабырғасы тегіс болады, полиэтиеннен жасалады
  • Болаттан жасалған ортаңғы қабаты полиэтиленнен жасалған сыртқы қабатпен бірге құбырдың тысқы кеңірдектелген қабырғасын құрайды.
  • Болат қабатқа ішкі жағынан, сондай-ақ, полиэтилен қабаты салынған.

    Қабаттардың бірігу беріктігі жоғары технологиялық деңгейде қатамасыз етіледі. Болат қабат полиэтилендік тыстың ішінде орнласады, коррозияға ұшырауы мүмкін емес. Кеңірдектелген болат қабаттың қолданылуы есебінен айналмалы қаттылық елеулі түрде артады және құбырдың салмағы кемиді.

    Мына диаметрдегі құбырлар шығарылады (DN/ID):
    800; 1000; 1200; 1400; 1500; 1600; 1800; 2000; 2200 и 2400 мм.

    Айналмалы қаттылық — тапсырыскермен келісім бойынша атаулы айналмалы қаттылығы 8-ден 24 кН/кв.м дейінгі өрістегі Корсис АРМ құбырлардың шығарылуы мүмкін.

    Диаметрі 800-1400 мм құбырлар 13 м дейінгі кесіндіде, 1500-2400 мм құбырлар — 6,5 м дейінгі кесіндіде жасалады.

    Жылу қондырғыш жалғастырғыштың көмегімен құбырларды жалғау: дәнекерлеушілердің аттестациясы қатар қолданылған кесінділерді құбырлар жылу қондырғыш жалғастырғыш арқылы сырттан жалғайды. Құбырдың ауа өткізбеушілігін қамтамасыз ету үшін ішінен қол экструдерімен дәнекерлеу қажет.

    Сонымен қатар көрмеде төмендегі өнімдер ұсынылады:

    • сумен жабдықтауға арналған 20-дан 1200 мм-ге дейінгі полиэтилен құбырлары. SDR: 26-дан 9-ға дейін
    • газбен жабдықтауға арналған 25-тен 630 мм-ге дейінгі полиэтилен құбырлары. SDR: 26-дан 9-ға дейін
    • 110—1200 мм-ге дейінгі екі қабатты кеңірдектелген КОРСИС ПРО құбырлары
    • жалғаушы элементтердің толық жиынтығы
    • фитингілер мен полиэтилен ауыстырғыштар
    • GF полиэтилен құбырларын құрастыруға арналған дәнекерлеуші жабдық
    • тиекті арматура – TALIS
    • жылу оқшаулағыш иілетін «ИЗОПРОФЛЕКС», «КАСАФЛЕКС» полимер құбырлары
    • «ПРОТЕКТ» қорғайтын жабыны бар полиэтиленнен жасалған қысымды құбырлар
    • «Корсис АРМ» және «Корсис ПЛЮС» арматураланған құбырлар
    • кәріз жүйесіне арналған полиэтилен құдықтар
    • ПНВХ құбырлары
  • -де жасалған