"Гекса – тоқусыз материалдары" ЖШҚ - Ресей (өндіруші)
Шымкент қаласында 11-13 наурыз аралығында өтетін ShymkentBuild 2015 көрмесінде «Гекса» ЖШҚ компаниясы төмендегілерді ұсынады:
- ИЗОСПАН - ГЕКСА КТ сауда белгісімен құрылысқа арналған бу-ылғал оқшаулаушы материалдар шығарады. Олардың негізгі мақсаты — ғимараттардың қызмет ету мерзімін арттыру болып табылады. ИЗОСПАН тоқусыз материалдар әр түрлі климаттық жағдайларда қолданылады. Оның негізінде 1 200 000 астам үйлер салынды. Белгі нарыққа 11 жыл бұрын шығарылды, оны тек Ресейде ғана емес, Қазақстанда және Украина да жақсы таниды.
- АГРОТЕКС - бақ және бақшаға араналған. Бұл тоқусыз материал ауыл шаруашылығында қолданылады. Оның негізгі мақсаты — өсімдіктерді температураның күрт өзгеруінен қорғайды. Климаттың күрт өзгеретін континенттік жағдайларында бұл өте өзекті. АГРОТЕКС тоқусыз материалдары ауаны, суды және жарықты өткізеді, өсімдіктерді қолайсыз ауа райынан, арамшөптен, аурудан қорғайды, топырақтың жабындауына мүмкіндік береді. Материал ландшафттық жұмыстар кезінде топырақты бөлуде де пайдаланылады.
- ГЕОСПАН - жолдарға арналған. ГЕОСПАН — мәңгі мәселелердің бірі: нашар жолдарды түзеудің сенімді әдісі. Арматураланған материалдар жол төсемінің ауыр жүкті көліктің күш-салмағына төзуіне көмектеседі және оның грунттық судан қорғайды. ГЕОСПАН автомобиль, темір жолдарын, ұшып-қону жолақтарын, бұрғылау мұнарасын жасауда және құбыр жүргізу, полигондар құрылысында пайдаланылады.
Компания өнімдерімен 2015 жылдың 11-13 наурыз аралығында Шымкент қаласында, Көрме Орталығында өтетін ShymkentBuild көрмесінде танысуға болады.
- -де жасалған