Оңтүстік Қазақстан Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі

Қазақстандағы ELKON бетон зауыттары: Сіздің өндірісіңізге арналған жоғары технологиялар

ELKON түрік бренді халықаралық алаңда аты мен беделі бар бетон араластырғыш құрылғы бойынша тар шеңберде мамандандырылған компания болып табылады.

elkon 24-02-2015

Жабдықтар сұрыптамасының ішіне өнімділігі мен құрастыруы әр түрлі Стационарлы, Іргелі және Оңтайлы бетон зауыттары, барлық мезгілде қолдануға арналған БАҚ (бетон араластырғыш құрылғылар), ТББ (темір бетон бұйымдары) мен ҮҚК (үй құрылысы комбинатына) арналған зауыттар және басқа да құрылыс жабдықтары кіреді.

ELKON тапсырыс берушілердің жабдықтың сапасына деген сенімділігін толығымен ақтап, бетон зауыттарын Қазақстан аумағына жеткізу бойынша талассыз көшбасшы орнына ие болып үлгерді. Тауар бетонын өндіруге арналған зауыттың орасан көп санын жеткізуден бөлек компания әр түрлі жобаларға арналған арнайы жабдықты әзірлеу саласында өзін жаңалық табушы ретінде танытты. Қазіргі таңда елімізде ELKON бетон зауытының 110-нан астамы, оның ішінде темір бетон бұйымдарына арналған құрастырымдық бетон жасайтын 10 зауыт, жол құрылысына арналған 8 зауыт пайдаланылып жатыр, көптеген зауыт Қазақстан үшін аса маңызды нысандардың құрылысында жұмыс істейді.

ELKON брендінің жабдықтарының өте жақсы сапасы мен сенімділігінің белгісі болып қайталама тапсырыстардың жоғары көрсеткіші болып табылады. Қазақстандық тұрақты тапсырыс берушілердің ішіне BI Group, Казахдорстрой, АБК Максат, «Монтажспецстрой» компаниясы АҚ, «Найза – Құрылыс» концерні» ЖШС және құрылыс секторының басқа да көшбасшылары кіреді.

Жабдықты жеткізушіні таңдаудағы басты мәселе сатудан кейінгі қызмет пен қосалқы бөлшектерге қол жетімділік – осының барлығымен ELKON компаниясы ең жоғары деңгейде қамтамасыз етеді. Зауыттарды пайдалануды қолайлы ету үшін компания өз жағынан барлық жағдайларды жасады: мамандардың Интернет арқылы алыстан қосылуы, бас офистегі орыс тілінде сөйлейтін мамандардың жедел техникалық қолдауы, қосалқы бөлшектердің көлемді қоймасы және Астана қаласындағы офис.

ELKON өзінің даму жылдарында аты жоғары класты жабдықпен байланыстырылатын және кез келген жобаның жүзеге асырылуына ешқандай күмән тудырмайтын мәртебеге қол жеткізді.

ELKON туралы егжей-тегжейлі ақпаратты «Көрме орталығы» КММ-де 11-13 наурыз аралығында өтетін ShymkentBuild 2015 көрмесінде ала аласыз.

Web: www.elkon.kz
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Тел.: +7 717 252 60 47 / +7 701 552 60 47

  • -де жасалған