Оңтүстік Қазақстан Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі

Жақында Қазақстан нарығында! Римдік жабынқыш.

Профильдің түрі — классикалық римдік жабынқыш

Жабынқыш бізге римдіктерден келген, дәл солар осы материалды адамзатқа сыйға тартып, “римдік жабынқыш” деп аталатын профильді енгізді. Римдік жабынқыштың өзіндік науа пішінді жабынқыштары мен  астыңғыларының түйіскен жерін жауып тұратын жартылай дөңгелек кішкене жабынқышы бар. Римдік жабынқыш қатары жабынды атшадан бастап ернеуіне дейін өтетін көптеген тік каналдарға бөледі. Жаңбыр суы осы науашаларға жиналып, барынша тез жабыннан кетеді.

20-02-2015tectum01

Қызмет мерзімі 35 жылдан астам

Табиғи талшықтар цемент матрицасына түсіп, берік молекулалық байланыс құрады. Осы байланыстар арқылы жабынқыш бірегей беріктік сипаттамасына ие болады. Жыл өткен сайын арматураланған фиброцементтен істелген тас өзінің беріктігін арттырады. Осының өзі оның ұзақ қызмет мерзіміне кепілдік береді. Көптеген үйдің төбелері өздерінің иелеріне 50-60 жылдан астам уақыт қызмет істеп келеді.

Бес негізгі және он қосымша түстер үнемі нарықта ұсынылады.

Компанияның және сатушылардың қоймаларында әрқашан жабынқыштың бес негізгі түс: жасыл, қызыл, коңыр, терракот, сұр, сондай-ақ он қосымша түс таңдауы болады.

Коррозияға мүлдем ұшырамайды

Жабынқышта қандай да бір металдан жасалған құрамдас бөліктің болмауының арқасында ол коррозияға сөзсіз төзімді. Фиброцементтен істелген тас аморфты материал болғандықтан, атмосфера мен техногендік факторлардың қиратушы әрекетіне ұшырамайды.

Күшейтілген шуылдан оқшаулағыш

Табағының жаңғырық шығармайтын құрылымының арқасында хризотил-цемент жақсы акустикалық оқшаулағыш болып табылады. Негізгі құрауыштары қосындысының параметрлері мен арақатынасын ақырғы беріктікті арттыру жағына өзгерту арқылы біз Жаңа шифердің шуылдан оқшаулағыш сипаттамасын едәуір жетілдірдік. Сіздің үйіңіздің жайлылығын тіпті ең қатты жаңбыр да бұзбайтынына Сіз сенімді бола аласыз.

Желге және қарға төзімділігі жоғары

Римдік жабынқыш ендіктің кең өрісіндегі климаттық камералар мен пайдаланудың шынайы жағдайларында сынаудан өткен және өзінің физикалық қасиеттерін толығымен сақтап,  алма-кезек мұздату мен еріту көрсеткішінің жоғары бағасына – 25 ие болған.

Негізгі табақтың қалыңдығы 17 МПа (170 кг/см2) дейін күшпен бүгу кезінде ақырғы беріктікті сақтау үшін оңтайлы болып табылады және мол қар жауғанда жоғары беріктік көрсеткіші мен өкпек жел тұрған кезде жабындық жүйенің қажетті тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

20-02-2015tectum02

Аса маңызды жылулық пен энергия үнемдеу

Фиброцементтің жылу өткізгіштігі құрыштан 140 есе (!) аз болғандықтан, жабынқышпен жабылған үйлер суық ауа райында көбірек жылуды сақтап, ыстық ауа райында қатты қызбайды.

"Tectum Engineering" ЖШС компаниясының өнімдерімен Шымкент қаласындағы «Көрме орталығы» КММ-де 11-13 наурыз аралығында өтетін ShymkentBuild 2015көрмесінде танысуға болады.

  • -де жасалған