Оңтүстік Қазақстан Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі

11-13 наурыз аралығындағы ShymkentBuild көрмесінде "FERROLI-SERVICE" ЖШС компаниясының «Жылыту жүйелерінің энергиясы тиімді технологиялары» атты семинары

FERROLI-SERVICE инжинирингілік компаниясы жылыту жабдықтары (қазандар, парагенераторлар, жанарғылар) мен климаттық жүйелерді жобалау, сату, орнату және оларға қызмет көрсетумен айналысып, Ferroli, CibUnigas, Systema сияқты ірі европалық өндірушілердің өкілі болып табылады. Ferroli-Service компаниясы Caleffi – тиектегіш және реттегіш арматура, жылыту және сумен жабдықтау жүйелерінің құрамдас бөліктерін өндіруші компаниясының Қазақстан Республикасы аумағындағы эксклюзивті өкілі.

FERROLI-SERVICE компаниясы жылумен және суықпен қамтамасыз ету саласында 8 000-нан астам жобаны жүзеге асырды. Жылыту, сумен жабдықтау және кәріз жүйесінің жобаларын әзірлеу бойынша қызметтер көрсетіп жатыр, технологиялық үдерістерді жылу және бумен қамтамасыз етуге арналған шешімдер әзірленуде. Жабдықтың үздіксіз жұмысына Алматы және Атырау қалаларындағы тәулік бойы жұмыс істейтін сервистік қызмет қолдау көрсетеді.

FERROLI-SERVICE экологиялық және үнемді жылыту жабдығын – төбесі биік жайларды (өндіріс цехтарын, спортзалды, жылыжайларды, құс фабрикаларын) жылытуға арналған INFRA газды инфрақызыл сәуле таратқышын ұсынады. Сәуле таратқышты қолданатын жылыту технологиялары жеке аймақтарды жылытуға, жылудың еденде шоғырлануына мүмкіндік береді, пайдалану кезінде шаңның болмауы, отынның 40%-ға дейін үнемділігі және басқа да бірқатар артықшылықтары бар.   

FERROLI-SERVICE оңтайлы инженерлік бекеттерді жасайды. «Жылу өнімділігі 10 МВт-қа дейін қазандық оңтайлы (түгендеме)» СТ 525-1907-12-ТОО-03-2011 стандартын жетілдіріліп, СТ-KZ үлгідегі сертификат алған.

FERROLI-SERVICE компаниясы – бұл қажетті білім мен тәжірибесі және «кілтіне дейін» жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндігі бар жоғары білікті мамандар тобы.

Сіз компанияның өнімдерімен № 033 стендтен, конференц-бөлмесінде 12 наурыз күні сағат  12:00-де өтетін ShymkentBuild көрмесі кезінде болатын «Жылыту жүйелерінің энергиясы тиімді технологиялары» атты семинарда толығырақ таныса аласыз.

  • -де жасалған