Оңтүстік Қазақстан Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі

«Борусан Макина Қазақстан» компаниясынан ShymkentBuild 2015 көрмесіне CAT 428F экскавтор-жүк тиегіш

06-03-2015borusan1"Борусан Макина Қазақстан" компаниясы 1999 жылы Алматыда құрылған, Caterpillar компаниясының Қазақстандағы ресми дилері болып табылады және  қазіргі уақытта Қазақстан бойынша 20 кеңсесі бар.  

11-13 наурыздағы  ShymkentBuild 2015 көрмесіне   428F экскавтор-жүк тиегіш үлгісі ұсынылды. 428F үлгісінің өндірімділігі, әмбебаптығы және қолайлылығы клиенттің күткенінен асып түседі. Пайдалану шығындарының төмендігі, массаның тиімді бөлінуі, тосқауылдау муфтасы бар қосымша гидротрансформатор және трансмиссияны таңдау мүмкіндігі жоғары тиімділік пен өндірімділікті қамтамасыз ету үшін тапсырмаларды орындау мен ауыстыруға қажетті уақытты қысқартуға мүмкіндік береді.

  • Оператордың жұмыс орыны – пневмоаспалы орындық пен эргономикалық джойстиктер қолайлы жұмыс жағдайын қалыптастыруға ықпал етеді.
  • Қызмет көрсетуге қолжетімділік – қозғалтқыштың толық ашылатын капоты мен топсалардағы салқындату блогы сұйықтық деңгейін тексеруге қолайлы қолжетімділікті қамтамасыз етеді, ал  бір жерде орналасқан құю мойындары барлық сұйықтықты тексеруді қамтамасыз етеді.
  • Жүктеме бойынша реттейтін гидрожүйе – аспалы қондырғының гидроцилиндрлеріне қажетті май көлемін беруді қамтамасыз етеді. Бұл кезде цикл ұзақтығы қысқарып, түрлі функцияларды орындау кезіндегі басқару мүмкіндгі артады.
  • Асқан қуаттылық – гидротрансформатор қатты итеретін күшті, қатты материалдармен жұмыс істеу кезіндегі қуаттылықты, сондай-ақ жолдар мен еңістегі қозғалыс жылдамдығының артуын қамтамасыз етеді.
  • Жүк тиегіштің өндірімділігі – жүк тиегіштің жаңа алдыңғы иінтіректері көтеру және түсіру биіктігінің артуын, сондай-ақ  жұлып алу күшінің артуын қамтамасыз етеді.
  • Экскавтор типті жебе – өздігінен түсіру жүктемесін жеңілдетеді. Тұтқа мен шөміштің жұлып алу күші оператордың көп күш салуынсыз-ақ жоғары өндірімділік деңгейін қамтамасыз етеді.
  • Әмбебаптылығы –Cat® аспалы  қондырғысының кең ассортименті бір машина көмегімен көп жұмыс атқаруға мүмкіндік береді. Cat®  аспалы қондырғысының жылдам ауыстыру құрылғысы аспалы қондырғыны жылдам және қарапайым ауыстыру арқасында жұмыс үдерісін жылдамдатуға мүмкіндік береді.

CAT 428F Экскаватор-жүк тиегіш        

Пайдалану массасы кг 10 200
Қозғалтқыш қуаттылығы кВт/л.с. 69 / 95
Қозғалтқыштың жұмыс көлемі / цилиндрлер саны л 4,4/4
Гидросорғының ең жоғарғы өндірімділігі л/мин 125
Шөміш көлемі    
Қайырмалы күрек л/мм 240/610+320/762
Жүк тиегіш шөміш (көпфункциялы) м3 1,03
Шөміштің қазу күші кН 63,4
Қазу тереңдігі мм 5 792
Сорғы түрі реттелетін аксиальді-поршенді
Қайырмалы күректі басқару дәстүрлі басқару: иінтіректер
жетек 4WD
БҚҚ Жартылай автомат
Ауаны қалыпқа келтіру жүйесі P  
“Ride Control”жүрісі жатықтығының жүйесі P  
Телескопиялық тұтқа P  
Аспалы қондырғының инсталляциясына арналған жоғары қысым желісі P  
     
  • -де жасалған