ShymkentBuild 2016 көрмесінің қатысушыларының пікірлері
Вячеслaв Вербоноль, сату жөніндегі директор, «Камские бетон зауыты»:
- Біздің компания бетонды араластыратын жабдықты өндірумен және жеткізумен айналысады. Біз бірнеше жыл бойы Қазақстанның құрылыс индустриясының көптеген кәсіпорындарымен ынтымақтасамыз және жиі көрмелерге қатысамыз. Ішінара, біз үнемі KazBuild көрмесіне қатысып тұрамыз. Осы жылы бірінші рет Шымкентке келіп тұрмын. Көрмеге қатысу бізге қызықты. Екі көрме күнінде біздің стендке елуден астам қызығушылық танытқан әлеуетті тұтынушылар келді. Көрмеде біз бір де бір келісімшартты жасаған жоқпыз, бірақ ынтымақтастықты дамытудың мүмкіндігі бар жолдарын ақылдастық. Біз осы өңірді дамыту үшін үлкен болашақты көріп тұрмыз. Осы көрмеге қатысуды мақсатқа лайық деп санаймыз. Жалпы біз қатысқанымызға ризамыз және келесі жылы жалғастыруды жоспарлаудамыз.
Бекнұр Бейсембаев, «Альта Профиль Шымкент»:
- Екі күннің қорытындысын жасайтын болсақ, біздің өнімге көбісі қызығушылық танытты, клиенттерден қоңыраулар келіп түсуде, яғни, нәтижесі көрініп тұр. Біздің стендке Түркменістаннан, сонымен қатар, Алматы мен Астанадан келді.
Жанат Шаришев, өткізу жөніндегі менеджер, «ALIT»:
- Біз құрғақ құрылыс қоспаларын сатуға мамандандырамыз. Көптеген келушілер келді. Біз нәтиже үшін келдік, біз оны алдық деп ойлаймыз және өз мақсатымызға қол жеткіздік.
Фахритдин Курбанбаев, директор, «DECO STONE»:
- Көрме өте пайдалы, біз жаңа серіктестерді таптық. Жаңа дистрибьюторлармен жұмыс жасауды жоспарлаудамыз. Біздің стенд Ақтаудан, Атыраудан, Ақтөбе және Шымкенттен мамандар келді. Одан әрі жаңа әлеуетті серіктестермен ынтымақтастыққа үміттіміз.
Александр Зуев, «Омега Мера» трейдинг компаниясы:
- Біз шыныда және кез-келген қатты қабатта мөр басумен айналысамыз. Бірінші күн өте қызу өтті, келушілер көп болды. Көрме қызықты өтті. Өңірлерден және басқа да көптеген елдерден келушілер келді. Осы көрмеден кейін бізде Шымкент қаласында филиалды ашуға қызығушылық артты.
Әділхан Жүнісов, ҚР Оңтүстік өңірі бойынша сауда өкілі, «Ariston Thermo S.P.A»:
- Үш күннің ішінде көрменің аумағында біз біздің серіктестерді көрдік, ұсынылған технологиялар көп. Көрмені жағымды деп бағалаймыз, жаңа компаниялар көп. Қызылордадан, Тараздан, сонымен қатар, басқа да жақын елдерден келушілер болды.
Арман Сабырбаев, сапа жөніндегі инженер, «ALMA GRAD REAL ESTATE ЖШС»:
- Көрме бізге қатты ұнады, барлығы жақсы ұйымдастырылды. Қазіргі таңда нәтижелерге көңіліміз толды. Көрме кезінде шарт жасадық. Келісімшарттардың одан әрі жасалуына үміттенеміз. Үйлердің құрылысы бойынша Шымкентте жұмыс жасауды жоспарлаудамыз. Көптеген келушілер біздің стендке мақсаты сай келді және біз таңқалдық. Бізге олармен жұмыс жасау ыңғайлы болды. Шымкенттен келген келушілерден басқа оларға Алматы және Қарағандыдан компаниялар келді, сонымен қатар, шет елден келген қызықты ұсыныстар болды.
Думан Смақов, «КазПласт өңірлік өкіл / Bekem Plast»:
- Көрме өте пайдалы және қажетті деп санаймын. Біз көптеген жаңа тиімді байланыстарды алдық, сонымен қатар, Оңтүстік өңірге өнімдерді жеткізуге қатысты жаңа шарттарды алдық. Келушілер көп болды. Біз Қарағандыдан, Ақтаудан, Атыраудан, Қызылордадан және Тараздан келген компаниялардың өкілімен сөйлестік, олар біздің өніммен танысты, одан әрі ынтымақтастық үшін бұл өте маңызды.
Бауржан Махамедьяров, менеджер, «ЛИТ Казахстан»:
- Көрме біз үшін өте нәтижелі болды, жаңа компаниялар көп. Біз құрылыс компанияларының тарапынан біздің өнімге деген қызығушылықты көрдік. Жаңа әлеуетті клиенттермен одан әрі, сонымен қатар келесі жылы ынтымақтасуға үміттенеміз.