Оңтүстік Қазақстан Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі

Ресми сәлемдесу 2016

Құрметті көрмеге қатысушылар мен қонақтар!

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің атынан ShymkentBuild 2016 – 2-ші Оңтүстік Қазақстан халықаралық құрылыс және интерьер көрмесіне қатысушылар мен қонақтарға қош келіпсіздер деймін.

Құрылыс секторы халықтың тұрғын үй мәселелерін шешуге және аймақтың инфрақұрылымын жаңғыртуға мүмкіндік туғыза отырып, Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосады. Аймақта негізгі құрылыс материалдарының 50-ден астам түрі шығарылады, құрылыс саласына арналған жабдықтар, құрылыстар мен бұйымдар шығаратын 30 ірі және орта кәсіпорын, 125-тен аса цех жұмыс істейді.

Шымкент қаласы өнеркәсіптік өндірістің облыстық көлемінде басым үлеске ие бола отырып, ірі өнеркәсіптік және индустриалдық орталық болып табылады. Өңірде “Оңтүстік” арнайы экономикалық аймағы ойдығыдай әрекет етеді.

Құрылыс саласының негізгі іс-шараларының бірі, міне, екі жыл қатарынан ShymkentBuild көрмесі болмақ. Көрменің маңызды рөлі өнеркәсіптік және тұрғын үй құрылысына қажет жоғары сапалы құрылыс материалдары өндірісін дамытуды ынталандыруға негізделген.

Әрекет етуші кәсіпорындарды жаңғырту жұмыстарын жүргізу, озық ғылыми әзірлемелердің негізінде құрылыс материалдары мен бұйымдарын шығаратын жаңа өндірістерді құру – отандық құрылыс кешенінің, яғни еліміздің экономикасы мен халқының өмір сүру сапасының серпінді түрде дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Көрмеде алуан түрлі инновациялық және экологиялық таза құрылыс материалдарды ұсынатын қазақстандық компаниялар аз еместігі қуантарлық жайт, олардың отандық құрылысшылардың сұранысына ие болатынына сенемін.

ShymkentBuild көрмесінің жұмысы жемісті болатынына және отандық құрылыс кешенін дамыту бойынша көптеген қызықты және перспективалы жобалар мен шешімдер ұсынылатынына сенімдімін.

Барлық қатысушылар мен қонақтарға тиімді іскерлік кездесулер мен жоғары коммерциялық нәтижелер тілеймін!

А. Рау
Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму Министрлiгiнiң
Вице-министрі


Құрметті ShymkentBuild 2016 көрмесінің қатысушылары мен қонақтары!

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің атынан мен ShymkentBuild 2016 – 2-ші Оңтүстік Қазақстандық Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесінің қатысушылары мен қонақтарын құттықтаймын.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысын 2016-2020 жылдары дамыту бағдарламасы әзірленді. 2016-2020 жылдары 1671,8 мың шаршы метр пайдалануға беріледі, 1,5-2% деңгейінде құрылыс жұмыстар көлемі жыл сайынғы өсуі күтіледі. 2020 жылға қарай қала тұрғындарының 100%-ға, ауылдың - 80,2%-ға орталықтандырылған сумен жабдықталуы қамтамасыз етіледі.

Оңтүстік Қазақстан облысында тұрғын үй және азаматтық құрылыс көлемінің өсуі құрылыс саласында және жалпы экономикада дамудың маңызды факторы болып табылады. 2015 жылы табысты басталған ShymkentBuild көрмесін жүргізу қазіргі заманға сай қала құрылысының өзекті – нысандардың кешенді пайдаланылу инновациясын енгізу мен инвестицияларды тарту мәселелерін шешуге көмектеседі.

Бүгінгі таңда саланы алға бірігіп күш салу арқылы ғана жылжытуға болады, және бұған күмәнсіз, ShymkentBuild мамандандырылған көрмесін өткізуге көмектеседі. Стендтерде компаниялардың мамандары жүргізетін қызмет арқасында, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Шымкент қаласы біздің құрылыс аумақтарында жаңа технологиялар мен материалдарды пайдалануға мүмкіндік алады, осылайша, көптеген салалар бойынша өңірдің жетекші қалыпта ұсталуын қамтамасыз етеді.

Құрылыс материалдары мен технологияларының саласында соңғы әзірлемелер ұсынылатын осындай көрме шараларын өткізу қажет, себебі Оңтүстік Қазақстан облысында құрылыс индустриясының өніміне сұраныс жылдан жылға өсуде. Біздің өңір – елдің қуатты және қарқынды дамып жатқан субъектілерінің бірі. Облыста көптеген, бірегей қала құрылысының жобалары белсенді түрде жүзеге асырылуда, ауқымды әлеуметтік бағдарламалар жүйелі түрде іске асырылуда.

ShymkentBuild 2016 көрмесі Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа технологияның енгізілуіне, қолданыстағы құрылыс әлеуетінің барын тиімді пайдалануға, инвестициялық климатты жақсартуға және құрылыс саласын дамытуға көмектесетіндігіне сенімдімін.

Көрменің барлық қатысушылары мен қонақтарына жаңа іскерлік байланыстарды, болашағы бар келісімдерді жасауға және алға қойылған мақсаттарды шешу табыс тілеймін!

С. Тұяқбаев
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары


Құрметті ұйымдастырушылар, қатысушылар және қонақтар!

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің атынан Сіздерге ShymkentBuild 2016 – 2-ші Оңтүстік Қазақстан халықаралық құрылыс және интерьер көрмесіне қош келдіңіздер деймін!

Материалдық өндірістің кез келген басқа саласы секілді құрылыс саласын да үздіксіз жаңартып, жаңғырту қажет, соның нәтижесінде құрылыстың сапасы өсіп, тұрғын үй және өнеркәсіптік нысандар құрылысының көлемі артады, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық реформаланады.

Көрмені Шымкентте өткізу, сөзсіз, Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіптері мен құрылыс кешені ұйымдарының бәсекелесу қабілеттілігін арттыруға өз үлесін қосады, кадрлардың кәсіби дайындық деңгейін арттыруға және аймақ аралық ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік туғызады.

Осы салалық оқиғаның өткізілуі өндірушілер, тұтынушылар және өнім әзірлеушілері арасындағы өзара тиімді байланысты нығайтуға септігін тигізеді деп сенемін.

Ұйымдастырушыларға көрмені ойдағыдай өткізуді, ал қатысушылар мен қонақтарға – тиімді байланыстар, жаңа жобалар және Қазақстанның құрылыс индустриясының игілігі үшін жемісті ортақ жұмыс атқаруды тілеймін!

Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігінің
Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері және жер ресурстарын
басқару комитетінің төрағасы

М. Жайымбетов


Құрметті көрмеге қатысушылар мен қонақтар!

«Қазақстанның Құрылысшылар одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің атынан мен ShymkentBuild 2016 – 2-нші Оңтүстік Қазақстандық Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесінің қатысушылары мен қонақтарын құттықтаймын.

Бүгінгі күні Оңтүстік Қазақстандағы саланың алдында құрылыс өнімдерінің сапасын, еңбек өнімділігін арттыру, инновациялық, импортты алмастыратын өндірісті дамыту және инновациялық технологияларды енгізу туралы өзекті мәселелер тұр. Құрылыс үдерісінде қоланылатын заманауи тәсілсіз, ISO ашық стандартының негізінде құрылыс қызметінің ақпараттық үлгісіне көшусіз, қала құрылысы туралы заңнаманың талаптарын ескере отырып, құрылыс нысандарының өмірлік циклінің барлық кезеңдеріне қатысты техникалық реттеу жүйесін дамытуда қолданылатын кешенді тәсілсіз оларды шешу мүмкін емес.

“Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы” ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес 2016-2020 жж. Оңтүстік Қазақстан облысын дамыту туралы бағдарлама әзірленді. Сонымен қатар 2016-2020 жж. аймақта 1671,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, құрылыс жұмыстары көлемінің 1,5-2% деңгейінде жыл сайын өсуі күтіледі.

ShymkentBuild көрмесі құрылыс бірлестігі және билік органдарының өкілдеріне кездесуге, күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға, қазіргі жағдайларда бірыңғай іс-әрекеттер стратегиясын құруға және ақыр аяғында, алға қойылған міндеттерді шешудің жолдарын табуға мүмкіндік береді.

ShymkentBuild 2016 көрмесін өткізу қазіргі экономикалық жағдайда Оңтүстік Қазақстанның құрылыс материалдары мен технологиялар нарығын одан әрі дамытуға септігін тигізетініне сенімдімін.

Көрмеге қатысушылар мен қонақтарға шын жүректен Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс кешенін дамыту үшін табысты әрі жемісті жұмыс тілеймін!

«Қазақстанның Құрылысшылар одағы» РЗТБ төрағасы
Т. Ерғалиев


Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Сауда өкілдігінің атынан «ShymkentBuild 2016» 2-ші Оңтүстік Қазақстандық халықаралық құрылыс және интерьер көрмесінің қатысушылары, ұйымдастырушылары және қонақтарына қош келіпсіздер деймін.

Бүгінгі күні Қазақстанның негізгі салаларының бірі болып табылатын құрылыс кешенінің алдында бірқатар маңызды экономикалық және әлеуметтік міндеттер тұр, олардың шешілуі тұтас алғанда елдеріміздің де, жеке аймақтардың да әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына айтарлықтай әсерін тигізеді. Соның ішінде өнеркәсіптік нысандар құрылысы жұмыс орындар санының артуына және азаматтардың әл-ауқатының көтерілуіне септігін тигізеді.

Саланың инвестициялық тартымдылығын арттырудың бір шарты құрылыс кешенін жетілдіру, инновациялық әзірлемелерді, технологиялар мен материалдарды енгізу болып табылады.

Осындай іс-шаралардың өткізілуі көптеген ресейлік және шетелдік компанияларды тартуға, саланың барлық өкілдерінің: архитекторлар, қала құрылысшылары, инвесторлар, құрылыс техникасы мен материалдарын өндірушілердің ынтымақтастығын дамытуда маңызды қадам жасауға мүмкіндік береді. Бұл елдеріміздің арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін берік байланыстың негізін қалауға мүмкіндік туғызатын сындарлы кездесулер орны.

Көрменің барлық қатысушылары, ұйымдастырушылары және қонақтарына жемісті жұмыс, тиімді өзара әрекеттестік, тұрақты серіктестік байланыс, сәттілік, береке және алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуде табыс тілеймін!

Ресей Федерациясының
Қазақстан Республикасындағы
Сауда өкілі
А.В. Яковлев