Ресми сәлемдесу 2017
Құрметті көрменің қатысушылары мен қонақтары!
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің атынан “ShymkentBuild / WorldBuild Shymkent 2017” 3-ші Оңтүстік-Қазақстандық құрылыс және интерьер көрмесінің қатысушыларын және қонақтарын құттықтаймын.
Құрылыс материалдарын өндіруді қосатын құрылыс кешені Қазақстанның экономикасында жетекші рөлдердің бірін атқарады. Құрылыс кешенін дамыту елдің экономикалық және технологиялық дамуының негізгі көрсеткіш-терінің бірі, сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын орындаудың маңызды шарты болып табылады.
ShymkentBuild / WorldBuild Shymkent көрмесінің ағымдағы экономикалық жағдаймен шартталған күрделі жағдайларында құрылыс кешенін болашақта дамыту үшін кәсіби және іскерлік қоғамдастықтың күштерін біріктіруге қосымша импульс береді деген сенімдемін және нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының экономикасы мен әл-ауқатының нығаюына әсерін тигізеді.
Көрме экспоненттерге, саланың мамандарына және кәсіби келушілерге іскерлік қарым-қатынастың нәтижесін береді, ол жаңа өзара тиімді байланыс-тарды ретке келтіруге, клиенттердің базасын кеңейтуге, кәсіби салада жаңа идеяларды және стандартты емес шешімдерді әзірлеуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, осы саланың жағымды жағына қарай дамуына маңызды үлесін қосады, отандық және шет елдік қатысушыларға болашақта ынтымақтастықтың стратегиялық бағыттарын бірігіп анықтауға мүмкіндік береді.
Барлық қатысушыларға, қонақтарға және көрменің ұйымдастырушыларына тиімді жұмыс, табысты кездесулер, табысты және болашағы бар ынтымақтастық тілеймін.
А. Рау
Қазақстан Республикасы Бірінші Инвестициялар және даму
Вице-министрі
Құрметті ханымдар мен мырзалар!
Оңтүстік Қазақстан облысының Әкімдігінің атынан ShymkentBuild / WorldBuild Shymkent 2017 атты 3-ші Оңтүстік Қазақстандағы құрылыс және интерьер көрмесіндегі қатысушылар мен қонақтарды құттықтаймын.
Жаһандану аясында, мемлекеттің экономикасының бісекелестік қабілеті көбінесе құрылыс кешенінің тиімді іс-әрекеттеріне тәуелді. Осыған байланысты Оңтүстік Қазақстан облысының Әкімдігі құрылыс жүйесінің дамуына үлкен назар аударады. Бұдан басқа, қазіргі таңда Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму концепциясы - Shymkent City жүзеге асуда. Жобаның негізгі ағымы тұрғындардың өмірлерін жақсарту, кәсіпкерлікті дамыту, және инвестиция көлемі мен туристтердің санын көбейтуге бағытталған. ShymkentBuild / WorldBuild Shymkent көрмесі құрылыс саласындағы мамандардың кездесу аясында инновациялар мен өзекті сұрақтарды талқылауға, келісімшарт бекітуге арналған бизнес алаң. Сонымен қатар, экономиканың дамуы құрылыстың дамуына жаңа тәсілдерді қажет етеді.
Осыған орай, ShymkentBuild / WorldBuild Shymkent 2017 көрмесі жоғары сапалы құрылыс қызметтердың жылжуына, озақ технологиялардың енгізуіне, құрылыс инфрақұрылымына одан әрі инвестиция тартуына жәрдемдесуіне сенемін.
Барлық қатысушыларға, қонақтар мен көрме ұйымдастырушыларға табыс, жаңа әріптестер мен жемісті ынтымақтастық тілеймін!
Б. Жамалов
Оңтүстік Қазақстан облысының Әкімінің орынбасары
Құрметті көрменің қатысушылары мен қонақтары!
ОҚО Кәсіпкерлер палатасының атынан ShymkentBuild / WorldBuild Shymkent 2017 көрмесінің қонақтерын және қатысушыларын құттықтаймын. ОҚО алдында, ішінара, Шымкенттің алдында елдің үшінші қаласы, кәсіпкерлік пен сауданың орталығы, қазіргі заманға сай мегаполис, тұрғындар үшін ыңғайлы және қонақтар үшін тартымды қала болу міндеті тұр. Бұл оңай шаруа емес, бірақ еңсерілетін іс. Және оны іске асыру үшін шымкенттіктердің барлық мүмкіндіктері бар: Шымкентте кәсіпкерлік өте белсенді дамып келеді, шағын және орта бизнестің субъектілерінің саны артуда, тұрғындардың жартысы дерлік жеке секторда жұмыспен қамтылған.
Оңтүстік Қазақстанда құрылыс – басымды салалардың бірі, және мұнда бизнес белсенділік өте дамыған. Құрылыс секторында тартылғандардың барлығы жаңа технологияларға, жаңа жабдықтарға, жаңа серіктестерге және келісімшарттарға мұқтаж болып табылады. Сондықтан Оңтүстік Қазақстандық құрылыс және интерьер көрмесі ShymkentBuild / WorldBuild Shymkent біздің өңірді дамытуда маңызды рөл атқарады. Ол мүдделі компаниялардың басшыларымен кездесуге, серіктестермен келіссөздер жүргізуге, тәжірибемен алмасуға, сонымен қатар, құрылыс индустриясының жаңалықтарын көруге мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда ОҚО цемент, тауар бетоны және құрғақ құрылыс қоспаларынан бастап металпрокат пен жоғары технологиялы жол және жөндеу мен әрлеуге арналған құрылыс жабдықтарына дейін құрылыс материалдары мен құрылыс жабдықтарының толық кешенін өндіреді.
ОҚО Кәсіпкерлер палатасында Оңтүстік Қазақстанның барлық құрылыс нарығын біріктіретін құрылыс комитеті жұмыс істейді. Және біз де ShymkentBuild / WorldBuild Shymkent көрмесінде, дәл осында біздің компаниялардың келісімшартты көбірек жасауына мүдделіміз.
Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жыл сайынғы Халыққа жолдауында құрылыста болсын, құрылыс материалдарын өндіруде болсын, жаңа технологиялардың трансфертін қамтамасыз етудің маңыздылығы туралы айтты. “Қалаланудың үдерістері құрылыс секторының даму қажеттілігін шарттайды. Ол отандық экономиканың толық драйвері болуы тиіс”, - деп атап өтті Н.Назарбаев.
ОҚО құрылыс секторының тартымды орталығына айналатындығына сенімдіміз.
Көрменің қатысушыларына және қонақтарына табысты және тиімді жұмысты және жаңа шешімдер мен жобаларды іске асыруды тілеймін!
А. Әбубәкіров
ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры
Құрметті ханымдар мен мырзалар!
Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Сауда өкілдігінің атынан “ShymkentBuild / WorldBuild Shymkent 2017” 3-ші Оңтүстік-Қазақстандық құрылыс және интерьер көрмесінің қатысушыларын, ұйымдастырушыларын және қонақтарын құттықтаймын.
Бүгінгі таңда құрылыс индустриясының жеделдетілген индустриялық-инновациялық дамыту және әртараптандырудың саясатының мұнай-газ секторына қарағанда рөлінің маңыздылығы кем болып табылмайды.
Осы саланың дамуына байланысты жалпы біздің елдердің жағдайы, жеке өңірлердің әлеуметтік – экономикалық жағдайы біршама жақсарады. Ішінара, өнеркәсіп нысандарының құрылысы жұмыс орындарының және азаматтардың әл-ауқатының өсуіне көмектесетін болады.
Саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін шарттардың бірі құрылыс кешенін жаңғырту, инновациялық әзірлемелерді, технологияларды және материалдарды енгізу болып табылады.
“ShymkentBuild / WorldBuild Shymkent” көрмесі жыл сайын көптеген Ресей және шет елдік компаниялардың назарын аударады, қазіргі заманғы қолжетімділіктер мен жаңа технологияларды көрсетуге, сонымен қатар саланың барлық өкілдерімен: сәулетшілермен, қала құрылысшыларымен, инвесторлармен, құрылыс техникасын және материалдарды өндірушілермен ынтымақтастықты дамытуға маңызды қадам жасауға мүмкіндік береді. Осы іс-шара қатысушыларға саладағы өзінің жағдайын және әлеуетін көрсетуге, іскерлік байланыстарын нығайтуға және ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Барлық қатысушыларға, ұйымдастырушыларға және көрменің қонақтарына алға қойған мақсаттарына қол жеткізуде табысты жұмыс, тиімді өзара қатынас, тұрақты серіктестіктің байланыстарын, сәттілік, амандық пен табыс тілеймін!
А. Яковлев
Қазақстан Республикасындағы
Ресей Федерациясының Сауда өкілі
Құрметті ханымдар мен мырзалар!
Қазақстандық көрме компаниясы “ITECA” ЖШС мен Орталық Азиядағы және Кавказдағы ITE Group Plc халықаралық көрме компаниясының атынан ShymkentBuild / WorldBuild Shymkent 2017 3-ші Оңтүстік Қазақстандық құрылыс және интерьер көрмесінің қатысушылары мен қонақтарын құттықтаймыз.
ShymkentBuild / WorldBuild Shymkent көрмесі – бұл Қазақстанның оңтүстік өңірінің қарқынды дамыған нарығында өзінің компаниясы мен өнімін ұсынудың, бәсекелестік басымдылықты нығайтудың, сенімді серіктестік қатынастары үшін негізді құрудың нақты мүмкіндігі болып табылады.
Осы жылы көрме құрылыс материалдары мен жабдықтарын, әрлеу материалдарын, электр техникаларын, еден жабындыларын, сонымен қатар жылыту мен сумен жабдықтау жүйелеріне арналған жабдықтарды өндірушілер мен жеткізушілерді жинайды.
Материалдар мен технологияларды өндіру мен пайдалану саласындағы жетістіктерді ShymkentBuild / WorldBuild Shymkent көрмесінде көрсету және құрылыстың тәжірибесіне кейіннен енгізу Қазақстанның оңтүстік өңірінің тұрғын үй құрылысы мен дамытуына көмектесуге бағытталған.
Біз ShymkentBuild / WorldBuild Shymkent көрмесі Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс және әрлеу материалдарының нарығын жаңғыртуға көмектеседі деген сенімдеміз.
Ұйымдастырушылардың атынан жыл сайын ShymkentBuild / WorldBuild Shymkent көрмесіне қолдау көрсететін ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне, Оңтүстік Қазақстан облысының Әкімдігіне және Оңтүстік Қазақстан облысының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасына алғысымызды және ізгі ниетімізді білдіреміз.
Барлық қатысушыларға және қонақтарға табысты ынтымақтастық, жақсы нәтижелі кездесулер мен алға қойған мақсаттарды іске асыруды тілейміз!
Құрметпен,
Ұйымдастыру комитеті